Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет103/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   209
Қобыланды батыр көшесі
Бұрынғы атауы – №1 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ұзындығы – 1582,6 м.
Қобыланды батыр (шамамен ХV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры, тарихи қайраткер. Шыққан тегі – қыпшақ, оның ішінде – қара қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қара қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қобыланды батырдың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды батыр» жыры кең тараған.


Қозыбасы көшесі
Бұрынғы атауы – №2 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қозыбасы көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Іле көшесінде аяқталады. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1393,6 м.
Қозыбасы – Қордай тауындағы жайлау. Іле Алатауының солтүстік-батысында Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. Қозыбасы ХІV-ХV ғасырларда өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет