Қарасақал Ерімбет көшесі
Бұрынғы атауы – Марсовый көшесі. Қарасақал Ерімбет көшесі Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 923,8 м.
Қарасақал Ерімбет – 1844 жылы Қазалы уезі, Көкаша мекенінде дүниеге келіп, 1916 жылы сол жерде қайтыс болған. Ақын-жыраулық, жыршылық, әншілік, айтыскерлік, сал-серілік өнер бойына тоғысқан.
Қарасу көшесі
Бұрынғы атауы – №10 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қарасу көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 539,6 м.
Қазақстанда Қарасу атымен аталатын көптеген жер-су атаулары бар.
Қаратал көшесі
Бұрынғы атауы – №36 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қаратал көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Бесшалқар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 848,8 м.
Қаратал – Балқаш-Алакөл алабындағы өзен, аудан атауы. Алматы облысының Ескелді, Қаратал ауданы жерлерімен ағады.
Қаратау көшесі
Бұрынғы атауы – №3 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қаратау көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі, Іле, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1636,3 м.
Қаратау – Жамбыл облысындағы қала, Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.
Қаратөбе көшесі
Бұрынғы атауы – Н.Некрасов көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Қаратөбе көшесі Жиделі, Ақниет, Ақселеу көшелерін қиып өтіп, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 719,8 м.
Қаратөбе – Батыс Қазақстан облысындағы аудан. Елімізде осы аттас елді мекендер көп кездеседі.
Қарауыл көшесі
Бұрынғы атауы – Зеленый Переезд. Қарауыл көшесі Г.Потанин көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Керегетас, Б.Хмельницкий, Найзақара көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 976 м.
Қарауыл – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының орталығы. Қарауылдан 18 шақырым жерде Жидебай қыстауында Абайдың мемлекеттік мұражайы бар.
Қарашаш көшесі
Қарашаш көшесі Қарасақал Ерімбет көшесінен басталып, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков, Алпамыс батыр, Н.Митченко, Н.Оңдасынов, Қараөткел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1023,1 м.
Қарашаш – қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегiлерiнiң кейiпкерi, Жиреншенің әйелi.
Достарыңызбен бөлісу: |