Амантоғай көшесі
Бұрынғы атауы – №39 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Амантоғай көшесі Шаңтөбе көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Бостандық, Қызбел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 266,2 м.
Амантоғай – Қостанай облысының Амангелді ауданындағы ауыл.
Анар көшесі
Анар көшесі В.Вишневский көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2220,4 м.
Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Анар Орта Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл.
Аңырақай көшесі
Бұрынғы атауы – К.Цеткина көшесі. Аңырақай көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 8176,6 м.
Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |