Ақын Сара көшесі
Бұрынғы атауы – №98 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Ақын Сара көшесі Домалақ ана көшесінен басталып, Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 999,3 м.
Сара Тастанбекқызы (1853-1907) – ақын. Әкесінен ерте айырылып, әкесінің інісі Жайсаңбектің тәрбиесінде өскен. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар шешендігімен елді сүйсінткен. Айтыс өнеріне әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал т.б. ақындарды өнер жарысында жеңіп шыққан. Сараның лирикалық өлеңдері – көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын арқау еткен туындылар.
Достарыңызбен бөлісу: |