Қабанбай батыр даңғылы
Қабанбай батыр даңғылы Достық, Тәуелсіздік, Сарайшық, С.Қожанұлы, Атасу, Қорғалжын тасжолы мен Қалқаман көшесін қиып өтіп, А.Бараев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 16093 м.
Қабанбай батыр (1692-1770) – қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы, даңқты батыр. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл. Жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан. 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін, Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанады.
Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Астаналық цирк», «Салтанат сарайы» орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |