Д.Бабатайұлы көшесі
Бұрынғы атауы – Пролетарский көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Д.Бабатайұлы көшесі Алмалық көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Ардагер, Жаңақоныс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1144,6 м.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) – қазақтың аса көрнекті ақыны, ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының, «Зар заман» ақындарының ірі өкілі. Ақтамберді жырау, Ақтайлақ бидің ақындық мектебінен үлгі алған. Қазақ жерін орыс патшалығының отарлау саясатына наразы болған, ұлт тәуелсіздігін көздеген күрескер. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Тегімді менің сұрасаң», «Тастың қашап арасын...», т.б. өлеңдері, «Еспембет» дастаны қазақ әдебиетінің асыл мұрасына айналды. ХІХ ғасырда «Өсиетнама» жинағы жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: |