Ақтқбе облысы
Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебі
Тақырыбы: «Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман»
атты оқырмандар конференциясы.
Мектеп кітапханашысы:
Бирмаганбетова Жамила Жайлыбайқызы
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман»
атты оқырмандар конференциясы.
Мақсаты – «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ХХ ғасыр басында қоғамдық құрылыстар мен жіктелген екі дәуір шекарасында өмір сүріп, аласапыран заман шындығын әдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгер Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын жастар арасында насихаттау, рухани мұра арқылы оларға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.
Кіріспе
« Бір ел –бір кітап » акциясы аясында
Жүсіпбек Аймауытовтың
« Ақбілек - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман »
Елімізде жыл сайын өткізу дәстүрге айналған «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты - оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне қамқорлықты күшейту, сондай-ақ жастарға адамгершілік пен патриоттық тәрбие беру. Бұл жобада жастарды адамгершілік пен патриоттыққа рухта тәрбиелеуде акцияға тек көркем туындылар ұсынылды. Акция кезінде әр жылдары оқу және зерттеу үшін алынған кітаптар әр түрлі болды - ол ұлы Абайдың «Нақыл сөздері», М.Әуезовтың «Қилы заманы», Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» , Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы болды .
ХХ ғасыр басында алмасқан қоғамдық құрылыстар мен жіктелген екі дәуір шекарасында өмір сүрген, сол аласапыран заман шындығын әдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгер Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы және «Ақбілек» романы ұлттың тарихын, қазақ өмірінің күрделі кезеңін , басты тұлғаның ауыр да сынды сәттерін баяндаған шығарманың қазақ қызы мен әйелінің тағдыр талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды бүгінгі жас ұрпақтарды, ұлт руханиятын көркемдік танымды биік белеске көтереді және оқырмандар арасында шоқтығы биік шығарма қазақ әдебиетіндегі алғашқы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын насихаттау мақсатында дайындалған «Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» атты әдістемелік құралды ұсынамыз.
Ж.Аймауытовтың өмірбаяны.
Аймауытов Жүсіпбек - жазушы, драматург, аудармащы, зерттеуші, публицист, режиссер, қоғам және мәдениет қайраткері.Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губениясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында туған. Арғы аталары ауқатты болған, бірақ әкесі Жүсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауат ашады. Үзіп-жұлып әр қилы молдалар (өз айтуынша, Жүніс қожа,Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан) алдын көріп, ескіше едәуір білім алады. Содан кейінгі аз уақыт өзі молдалық құрып, бала оқытады. «Қартқожа» романында суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған.1907-13 жылдары Баянауыл мен Кереку (Павлодар)мектебінде, 1914-19 ж. Семей мұғалімдер семинариясында оқыған. 1919-22 жылдары Республикалық Халық ағарту комиссиаратында бөлім бастығы, алқа мүшесі, «Қазақ тілі» (Семей қ) редакторы (1921-22), Қарқаралы қаласында мектеп мұғалімі (1922-23), 1923-26 ж. Ташкент қаласында «Ақжол» газеті редакциясының бөлім бастығы, осындағы ағарту институтының мұғалімі, 1926-29 жылы Шымкент пед.техникумының директоры қызметттерін атқарған. Аймауытов «Қар тқожа», «Ақбілек» романдарының, «Күнекей жазығы» повесінің , т.б. көркем шығармалардың, педагогикалық, психолгиялық, әдістемелік, эстетикалық сан алуан публицистикалық мақалалардың, «Комплексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбектердің авторы. Семейде оқып жүрген кезінде «ЕС-аймақ» драма труппасының ойын-сауығына, концерттік бағдарламаларына қатысады. Онда жас өнерпаз-оқушылар күшімен тұңғыш рет «Біржан-Сара» айтысын сахнаға лайықтап көпшілікке көрсетеді. Басты рөлді өзі орындайды. Осы кезден бастап алғашқы шағын пьесаларын жазып, оларды оқушы жастар күшімен сахналайды. «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» (1925) «Шернияз» , «Қанапия-Шәрбану» (1926) атты драмалық шығармалар жазып, өзі режиссер ретінде әуесқой өнерпаздар қатысуымен қояды.Сонымен бірге Ж.Аймауытов әлем драматургиясының озық үлгілерін (мыс .;Н.В.Гогольдің «Ревизорын» «бақылаушы» деген атпен, А.С.пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісін, У.Шекспирдің «Отеллосын» т.б.шығармалары) қазақ тіліне аударған. 1930 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген жаламен абақтыға қамалып,1931жылы Мәскеудегі бутырка түрмесінде атылған.1992 жылы оның есімі Павлодар қаласында ашылған қазақ драма театрына берілді.
1 - Жүргізуші : Құрметті Ұстаздар , оқушылар! Елімізде жыл сайын өткізу дәстүрге айналған «Бір ел –бір кітап»акциясының мақсаты - оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне қамқорлықты күшейту, сондай-ақ жастарға адамгершілік пен патриоттық тәрбие беру. Бұл жобада жастарды адамгершілік пен патриоттыққа рухта тәрбиелеуде акцияға тек көркем туындылар ұсынылды. Акция кезінде әр жылдары оқу және зерттеу үшін алынған кітаптар әр түрлі болды - ол ұлы Абайдың «Нақыл сөздері», М.Әуезовтың «Қилы заманы», Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» , Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы болды . Биылғы акцияда көрнекті жазушы, ақын, драматург, публицист, сыншы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы таңдалды.Қазақ әдебиетіндегі роман жасауға ұмтылыс өткен ғасырдың 20 жылдарында орта тұсынан басталды. Оның алғашқы үлгісін Жүсіпбек Аймауытов жасады. Ал, оның «Ақбілек» романы - ХХ ғасырдың басында айқын көрініс тапқан қазақ романының үздік үлгісі, өрнекті өрісі, көркем шежіресі болды. Міне, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған бүгінгі
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» конференциясына хош келдіңіздер!
Қазақ қызының шырғалаң тағдыры туралы Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романы әлеуметтеік сілкіністер заманының, реалитік жаңа қазақ әдебиеті қалыптасуы кезеңінің көрікті де кемел туындысы ретінде бағаланған. Жазушы Рамазан Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» деп айтқан екен.
2 – жүргізуші: Құрметті Ұстаздар , оқушылар! Сіздерге осы романның алғашқы баспаға қалай жарияланғаны туралы айтатын болсақ, ең алғаш «Әйел теңдігі журналының 1927 жылғы 2,5 10,11 және 1928 жылғы 3,4,9,10 сандарында жарияланған екен. Бірақ дербес кітап болып басылған жоқ. Еліміздегі демократия тағылымының нәтижесінде – Ж.Аймауытовтың бұл романы белгілі аудармашы Х.Өзденбаевтан алынған нұсқасы бойынша 1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Бұдан кейін»Жұлдыз» журналының 1989 жылғы №6-9 сандарында жарық көрді. Жазушының бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына енді. «Қазақ прозасы қазына» сериясы арқылы қалың көпшілікке жетті.
Ал роман қалай жазылды деген сұраққа тоқталсақ,халқымыздың танымал ақыны, аса көлемділігімен, сан - түрлі мұра қалдырған, атап айтқанда өлең-дастандар, тарихи мәтіндер, шежірелер, тіл, философия , жаратылыс туралы құнды еңбектердің авторы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлымен өзара жазысқан Жүсіпбек Аймауытов хатында : «...Екі жарым ай болды, үйден шықпағаныма. Не істеді десеңіз «Қылауатта» жатып бір роман жазып бітірдім, өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі екі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай : таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке - бала оқытуға кетемін. Күніне алты сағат бала оқытамын. Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын. Сағат алты-жетілерде оянам. Сөйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі-үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып ұйықтаймын.Міне, екі жарым айдай көрген өмірім осы». Бұдан кейінн автор сөз еткен романының соңғы нүктесін қойып, «баспаға жіберіп отырмын» дейді. Жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін бұл келтірілген үзіндінің маңызы жоғары екені айқын. Яғни роман көркем, шабытты жазылған.
2 – жүргізуші: Енді , оқушылар сендерге кітап конференциясында талқыланатын сұрақтар :
«Ақбілек» романындағы қазақ ауылының өмірі мен тіршілігі .
Қазақ қызы Ақбілек қандай адам, өмірі мен тағдыры туралы өз пікіріңіз
Романдағы қазақ халқын ұлтсыздандырудағы империялық саясаттың «тағылымы».
Роман туралы өз пайымыңыз.
Жауаптары:
«Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері , этнографиялық этюдтер , яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнеленген. Және сол аласапыран жылдардағы қазақ ауылының өмір шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденіс, ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, ел тұрмысының , әдет салттың көріністері әртүрлі эпизодтармен көрінеді.
Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Дегенмен Ақбілектің басынан өткен ауыртпалық мен жан дүниесіндегі аласапыран қиындық сол замандағы әр қазақ қызының басынан өткен жан күйзелісі. Енді осындай қиындықтағы қыз Ақбілектің табандылықпен, ауылдың етекбастылығынан, алып-қапша өсек аяңнан құтылып, қаладан бақыт табуы , өнерлі жастардың қатарынан табылуы оның бейнеттен, қорлықтан, күнәдан тазаруы,білімге ұмтылуы - бүгінгі қыздармен теңесуге келмейді, бірақ әр қыздың жеке басындағы қайшылықтарға төтеп беруіне үлгі болатын тұстары романда көркем бейнеленген.Қысқасы Ақбілек – теңдікке ұмтылған, еркіндігі болмаса да азаттықты аңсаған, еркіндіктен түңілмеген, зорлыққа мойынсынбаған, өмірден тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол өжет қыр қызы.
Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді. Қысқасын айтқанда, "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Романдағы адамдар мінез-құлқы халықтық көзқарасы , байлар мен кедейлер өмірін, олардың ара қатынасын, рушылдық, жікшілдік, пендешілік сияқты мінезден туған кикілжіңдер, тұрмыс-салттың ұнамсыз жақтары, халық түрі , әлділердің тарапынан әлсіздерге жасалып жатқан зорлықты көреміз.Сонымен қатар жеке бейнеленген монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бедерленген Бекболат,офицер, Мұқаш, Жылтыр, Ақбілектің жеңгесі Ұрқия, өгей шешесі Өрік, бағынан соры басым Кәмила, Іскендір диуана образдарының қоғамдық, кезеңдік көріністерге сай қимыл-қозғалыстарды, өмір-уақыт шындықтарынан байқауға болады. Романдағы Мамырбайдың үйленуіне Әбеннің араласуы, оның айтуымен әкесі Ақбілекті Бекболатқа бермей қоюынан бір көрсек, Әбен ауылының жалшысы Қойшыкенің мал соңынада үсіп өлгені суреттерінен тануға болады.
«Ақбілек» романы - қазақ тарихы мен тағылымының ұлт руханиятының бел-белестері де жан-жақты көрініс Осы орайда , ұлттық сөз өнерінің жетекші саласы – роман жанрының өзіндік қалыптасуы, даму жолдары бар. "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Ж.Аймауытовтың шығармалары.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертегілері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
«Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеум.революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдыңғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеум.өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. Аймауытовтың үлкен проза саласындағы тағы бір елеулі еңбегі - «Күнікейдің жазығы» повесі. Ол «Жаңа әдебиет» жарналында жарияланған. Кітап болып басылып үлгермеген. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел теңдігі, негізі кейіпкерлері - кедей қызы Күнікей. Аймауытовтың ырғақты прозасы - қазақ әдебиетінде ақ өлең үлгісін туғызуға жол бастады. Аймауытов драмалық шығармалар жазұға ерте талпынған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойын-сауық үйірмелеріне белсене қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған. Аймауытовтың пьесаларының негізгі тақырыбы да халықтың азаттағы идеясы. Ол ескі өмірдің мешеу көріністерін сынай отырып, халықты оқуға, өнерге, білімге үндейді.
Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады «Рәбиға», «Қанапия мен Шәрбануда», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесалаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Аймауытов - әдеби творчествосын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеғдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған. Өлең - үлкен проза мен драматургияға ден қойған жазушының алғашқы тәжірибесі сияқты. Бұлардың көбі ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңару идеясын жырлайды.
1 - жүргізуші: Жүсіпбек Аймауытов – көркем сөздің ерен жүйрік зергері.Ол әрі ақын , әрі жазушы , журналист , публицист , сыншы , асқан шебер аудармашы және педагог – ағартушы.
Бүгінгі « Бір ел – бір кітап » акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың
«Ақбілек- қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман» атты оқырмандар конференциясына қатысқандарыңызға рахмет!
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Достарыңызбен бөлісу: |