Тақырыбы: Балаларға арналған хабарлар аудиториясының ерекшеліктері Жасөспірімдерге арналған бағдарламаларға қойылатын талаптар Жастарға арналған хабарлардың ерекшеліктері
Жасөспірімдерге арналған бағдарламаларға қойылатын талаптар
Жастарға арналған хабарлардың ерекшеліктері
Балаларға арналған хабарлар – Алматы телестудиясында 1960 жылы бастау алды. Ол тұста арнайы редакция болмағанымен, мектеп оқушыларын қатыстыру, концерттік программалар арқылы балаларға арналған хабарлар беріліп тұрды. Мұның өзі бірте-бірте өз алдына редакция құрылуына алып келді.

Алғашқы хабарлардың бірі ретінде "Ертегі кеші" атты хабарды атауға болады. Хабар ерекше бір шығармашылық ізденістен туған хабар еді деп атауға болмас. Себебі, ол Орталық теледидардан беріліп жүрген "Спокойные ночи" хабарының тәжірибесінен өмірге келген еді. Ойды да, жүйені де сол хабардан алған хабарда еліктеу басым болды.

Алайда редакцияның ізденістерін жоққа шығаруға болмайды. Хабарлар Қазақ теледидарынан ұзақ жылдар берілген уақытын да талай рет өзгеріске ұшырады. Алғашында лақ пен қозы, қуыршақ кейіпкерлер арқылы берілген бұл хабар, кейін “Біз мектепке барамыз" болып ауысты.

Хабар 60-жылдары Орталық теледидардың дикторы Валентина Леонтьева жүргізген "қуыршақтар" ойының еске салар еді. Кейіннен балаларды мультфильм көруге шақыру ғана емес, ертегі айтуға тәрбиелеуге ұмтылыс байқалды.Әже бейнесі арқылы балаларды кәусар бұлаққа қызықтыруға бетбұрыс болды. Сахнадағы бірнеше қыз - балалардың ортасында шымқай ақ киімге оранған, адалдық пен пәктіктің бейнесіндей ақ әже тылсым сыры мол ертегі әлеміне әуезді үнімен, әсем дауысымен аудиторияны лезде-ақ тартып алатын.

«Балапан және оның достары» анимациялық бағдарламасы - ең кішкентай көрермендерге арналған. Бағдарлама балалардың ана тілін үйренуіне, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.Бағдарлама кейіпкерлері - балапан, құлыншақ, ботақан, қошақан, бұзауқан және ұлу жақсы дағдыларды, қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сондай-ақ, айналамен таныстырады.