Қатынасты ұЛУ(моллюск)



Дата28.09.2024
өлшемі376,09 Kb.
#205290
Байланысты:
NAVI FOREVER

ҚАТЫНАСТЫ ҰЛУ(МОЛЛЮСК)


Дерт сүзілетін ең үлкен Molitar hominis вирусымен шақырылады, оның жұқтырғыштығы тәжірибеде дәледенген. Инфекцияның жұғуы науқас адамммен немесе вирус тасымалдаушымен тікелей қатынаста болғанда, сонымен қатар ластанған күтім заттарын, ванна, бассейн, үй заттарын қолданғаннан болады. Жиі балалар ауырады. Инкубациялық кезең 2 апта немесе оданда көп.

Клиникалық көріністері.

Мөлшері 1 ден 8 мм-дейін, түсі сау терідей немесе меруетті-сұр (седепті-перламуторлы), пішіні жартышар тәрізді, ортасында жарық тәрізді басыңқы аймақ және сүзбе тәрізді түзіліс орналасқан түйін (135-сурет). Оны микроскоппен қарағанда дегенеративті, эпителиальды, жылтырақ, үлкен овальды, протоплазматикалық түйіршікті жасуша (ұлулық денешіктер) анықталады. Субъективті сезімдер болмайды. Түйіндер біреу және оданда көп (шашыраған ұлулар) болуы мүмкін. Балаларда түйіндер негізінен бет (көз айналасында), мойын, кеуде, қол басының сыртында орналасады. Ересектерде көбіне сыртқы жыныс мүшелерінде, қасаға және іш аймағында орналасады, олар жыныс жолы арқылы берілуінің куәсі болады. Қатынастық ұлудың бірнеше клиникалық түрін ажыратуға болады: Molluscum contagiosum miliare көптеген ұсақ бөртпелер, Molluscum contagiosum pediculatum – аяқтарында отырған ұлулар. Кейбір түйіндер қосылғанда алып ұлу пайда болады.

Диагностикасы.Емі

  • Контагиозды жұлдыз құртты пинцетпен түйінді жанынан басқанда оның ортасында ботқа тәрізді, ірімшік 135-сурет. Қатынастық ұлу (моллюск) сықылды ақ түсті масса шығады, мүйізделген жасушалардан және ерекше (овоидты) ұлу денешіктері шығады. Сүйелдерде орталық басылған аймақ болмайды және мөлдір-сұр (перламуторлы) түсі болмайды.
  • Пинцетпен сығып немесе өткір қасықпен қырып тастап, 5–10% спиртті йод ерітіндісімен майлау, малынған дәкіні түйінді өңдеу және диатермокоагуляция, криотерапия.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет