Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика



бет1/4
Дата01.12.2023
өлшемі423,93 Kb.
#194422
  1   2   3   4
Байланысты:
Матем ашылу , жабылуы 27.11 (1)



«Leader Innovation Lyceum»


«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика, сондықтан оны оқу керек»
Математика апталығының бес күндік ашылуы

2023 - 2024 оқу жылы

Тақырыбы: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика, сондықтан оны оқу керек»
Мақсаты: 
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; 
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
• Математикаға деген қызығушылығын арттыру

Апталықтың ашылуына 2,4,5,6,7,8, 9 сынып оқушылары қатысты. 
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген. 

Барысы:
Санау әні қабыл алыңыздар. 


  1. Жүргізуші 
    -Уа, халайық, халайық, 
    Бәріңе жар салайық. 
    Бүгінгі кеш төрінде 
    Дарындылар елінде 
    Тапқыштардың тілінде, 
    Есеп шешіп, жарысып 
    Жұмбақ шешіп аңдысып 



  1. Жүргізуші 
    Асып әсте саспайық 
    Батыл қадам бастайық 
    Еркіңді билеп барынша 
    Жарыста сірә, қалыспа 
    Кеш қызығын ей, достар. 
    Осылайша шабытпен 
    Кәне енді бастайық. 

1-жүргізуші 
Мұнда қызық табылар 
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 
Айтыс, тартыс тағы бар 
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. 
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. 
О-о-ой, бір қызық кеш болар, 
Өздеріңмен бес болар. 

2-жүргізуші. 
Барлықтарыңызды «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика, сондықтан оны оқу керек» апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет