Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика


Үшбұрыш:  Мен үшбұрышпын,  Ылғи үштен түрамын.  Үш қабырға, үш төбе,  Үш бұрын болып құрамым.  Төртбұрыш



бет3/4
Дата01.12.2023
өлшемі423,93 Kb.
#194422
1   2   3   4
Байланысты:
Матем ашылу , жабылуы 27.11 (1)

Үшбұрыш: 
Мен үшбұрышпын
Ылғи үштен түрамын. 
Үш қабырға, үш төбе, 
Үш бұрын болып құрамым. 

Төртбұрыш: 
Мен төртбұрышпын, 
Көпбұрыштың бірімін. 
Үшбұрыштан болсам да жас, 
Бірақ одан ірімін. 

Тіктөртбұрыш 
Математиканы білместерге 
Құбыжық болып көрінем. 
Бар бұрышым тік болса, 
Тік төртбұрыш деп аталам. 

Параллелограмм 
Қарам-қарсы қабырғам, 
Параллель әрі тең болса. 
Іргелес жатқан бұрыштар. 
Бірінен бірі кем болса. 
Қосындысы бірақ та, 
180- қа тең болса, 
деп аталам! 

Ромб 
Ромбы атты бауырым, 
Бәрінен де сымбатты. 
Білімділер кеудеге, 
Тағады заттай қымбатты. 

Трапеция 
Трапеция туыстың, 
Ашуы мүлде тым қатты. 
Параллелограмм атасын, 
Жартылай ғана тыңдапты. 

Мұғалім сөзі.
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін Математика, сондықтан оны оқу керек»

Жабылуы.
1-жүргізуші: 
Негізі бар ғылымның математика 
Жалықпай оқып үйрен тек қана 
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып, 
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская. 
Бүгінде математика барлық жерде 
Құрылыста, техникада өндірісте 
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер, 
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер. 
(Ортаға оқушылар шығады) 

1-оқушы: Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 
2-оқушы: Ал менің апам – бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бир шаршы метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. 
3-оқушы: Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді. 
Менің анам – сатушы. Ол математиканы жақсы біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді. 

4-оқушы. Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет. 
Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 

5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет