К.Күмісбеков көшесі
К.Күмісбеков көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Абай даңғылын және Ә.Жанбосынов, Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1205,2 м.
Кенжебек Күмісбеков (1927-1997) – композитор, ҚазКСР-нің халық әртісі. Ел арасына кең тараған әндері мен романстары мол.
К.Циолковский көшесі
К.Циолковский көшесі Абай даңғылынан басталады. Ұзындығы – 159 м.
Циолковский Константин Эдуардович (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.
Кеген көшесі
Бұрынғы атауы – №50 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кеген көшесі Жанкент көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Балқантау, Таскескен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 429,9 м.
Кеген − Іле алабындағы өзен. Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |