Көшек батыр көшесі
Көшек батыр көшесі Мирный көшесінен басталып, 3 шағын аудан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 138,1 м.
Көшек – мемлекет және қоғам қайраткері, ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарында Найман руын басқарған. Кей мәліметтер бойынша оның хан атағы болған.
Күйші Дина көшесі
Бұрынғы атауы – №70 көше. Күйші Дина көшесі Манас даңғылынан басталады. Ұзындығы – 2952,1 м.
Дина Нұрпейісова (1861-1955) – домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Құрманғазы Динаның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлері бар. Сонымен қатар «Тойбастар», «Әсемқоңыр» күйлерінің авторы.
Достарыңызбен бөлісу: |