Қ.Кемеңгерұлы көшесі
Қ.Кемеңгерұлы көшесі Ақбидай көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады. В.Суриков, Ақсу-Жабағылы, С.Әліұлы, Ынтымақ, Сарыжайлау, Шортанды, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2207,2 м.
Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) – Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Омбыда құрылған қазақ жастарының ұйымы «Бірлікке» мүше болған. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы болды. Прозадағы алғашқы туындыларының бірі – «Тұтқаның ойы» әңгімесі. Қ.Кемеңгеровтің «Жетім қыз», «Дүрия», «Назиқа» әңгімелері, «Алтын сақина», «Бостандық жемісі», т.б. драмалық туындылары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |