Қажымұқан көшесі
Қажымұқан көшесі Манас даңғылынан басталып, Л.Мирзоян, Ж.Жирентаев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1628,3 м.
Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948) – қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің шебері. Әлемнің бірталай ірі қалаларында болып, балуандық өнерін көрсеткен. Бірнеше рет күрес аренасына шығып, 48 алтын, күміс, қола медальдармен марапатталған. 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына байланысты Қазақстан Орталық Атқару комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ берген.
Бұл көшеде «Орбита» сауда орталығы, «Түркістан» әмбебап дүкені, «Қазақстан» спорт сарайы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |