Біржан сал көшесі
Біржан сал көшесі И.Гёте көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,7 м.
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) – атақты әнші, ақын, халық композиторы. Оның «Теміртас», «Қаламқас», «Ләйлім-шырақ», «Жанбота», «Адасқақ» атты әндері бар. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.
Бұл көшеде «Дәулет» сауда орталығы орналасқан.
Бірлік көшесі
«Железнодорожный» тұрғын алабы. Бірлік көшесі Екібастұз көшесінен басталады. Ұзындығы – 638,2 м.
Бірлік – «ынтымақшыл, ұйымшыл» деген ұғымды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |