В. Бартольд көшесі
Бұрынғы атауы – М.Кутузов көшесі. В.Бартольд көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 841,9 м.
Василий Владимирович Бартольд (1869-1930) – ғалым, шығыстанушы, академик. Бартольдтің Орта Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор.
В. Вишневский көшесі
В.Вишневский көшесі Ж.Досмұхамедұлы көшесінен басталып, С.Сәдуақасов, Анар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1475,4 м.
Всеволод Вишневский (1900-1951) – орыс жазушысы.
В. Высоцкий көшесі
В.Высоцкий көшесі Жерек көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 251,1 м.
Владимир Семенович Высоцкий (1938-1980) – ақын, әнші, актер.
В. Маяковский көшесі
«Железнодорожный» тұрғын алабы. В.Маяковский көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, Ащысай, Екібастұз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 673 м.
Владимир Владимирович Маяковский (1893-1930) – орыс ақыны.
Достарыңызбен бөлісу: |