АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп гимназиясы
«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі»
(тест жинағы)
Астана, 2022ж
1 – нұсқа
Жасуша
– тіршіліктің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі. Барлық
ағзалар жасушалардан тұрады. Әрбір жасушаға тірі ағзалардың қасиеттері:
көбею, өсу, зат алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік, қартаю және т.б.
тән. Тірі ағзалардың барлық жасушалары өзара химиялық құрамы мен
құрылысы бойынша ұқсас. Бактерия жасушасында ядро жоқ, тек қабықшасы
мен цитоплазмасы болады. Сондықтан оларды прокариоттар – ядросы
қалыптаспаған (ядро түзілгенге дейін пайда болған) деп атайды. Өсімдік,
саңырауқұлақ және жануар жасушалары үш бөліктен: қабықша, цитоплазма
мен ядродан тұрады.
1.
Құрамында ядросы бар ағзалар
A.
Эукариот
B.
Прокариот
C.
Микрокок
D.
Бацилла
E.
Тетрада
2.
Нәруыз биосинтезін жүзеге асырады
A.
Гольджи жиынтығы
B.
Лизосома
C.
Вакуоль
D.
Рибосома
E.
Ядрошық
3.
Асқорыту ферменттеріне толы мембрана көпіршіктері
A.
Вакуоль
B.
Ядро
C.
Митохондрия
D.
Рибосома
E.
Лизосома
4.
Микротүтікшелердің екі триплетінен тұратын мембраналы емес
органоид
A.
Пластид
B.
Митохондрия
C.
Жасуша орталығы
D.
ЭПТ
E.
Рибосома
Суретте әртүрлі ағзалардың жасушалары берілген
Эукариоттар – құрамында ядросы бар ағзалар. Ядро және басқа да
құрылымдары жасуша цитоплазмасында болады және олар органоидтер деп
аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет атқарады. Ядро бүкіл
химиялық үдерістерді нәруыздар-ферменттер синтезі арқылы бақылап,
жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе жасуша орталығында болады.
Бірақ қартайған өсімдік жасушасында барлық дерлік жасуша кеңістігін
орталық ірі вакуоль алып жатуы мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро
жасуша қабықшасына жақын орналасады.
5.
Суретте 3 санымен берілген жасуша қай ағзаға тән екенін
анықтаңыз
A.
Жануар
B.
Өсімдік
C.
Бактерия
D.
Вирус
E.
Стрептокок
6.
Тек өсімдіктерге тән екі мембраналы органоид
A.
Вакуоль
B.
Митохондрия
C.
Пластид
D.
Рибосома
E.
Жасуша орталығы
7.
Май мен нәруызды заттардан түзіліп, жасушаның сыртын
қаптайды
A.
Цитоплазма
B.
Плазмалық мембрана
C.
Ядро
D.
ЭПТ
E.
Гольджи жиынтығы
8.
Өз майлары мен көмірсуларын синтездеп, жасуша ішіне заттар
тасымалдау қызметін атқарады
A.
Цитоплазма
B.
Гольджи аппараты
C.
Рибосома
D.
Ядро
E.
Митохондрия
2 – нұсқа
Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас
жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты.
Ұлпалар түзілгенге дейін тек төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырлар) мен
қарапайым жануарлар (біржасушалылар немесе колония құрып тіршілік
ететіндер) тіршілік етті. Жоғары сатыдағы өсімдік және жануар ағзалары
әртүрлі ұлпа типтерінен құрылған. Ұлпалардың әрбір типі тип
тармақшаларынан тұрады. Өсімдіктерде ұлпалардың 6 типі: түзуші, негізгі,
жабын, механикалық (тірек), өткізгіш және бөліп шығарушы болады.
1.
Құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар
мен жасушааралық заттар жиынтығы
A.
Жасуша
B.
Мүше
C.
Ұлпа
D.
Ағза
E.
Популяция
2.
Барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді
A.
Жабын ұлпасы
B.
Түзуші ұлпа
C.
Өткізгіш ұлпа
D.
Тірек ұлпасы
E.
Бөліп шығарушы ұлпа
3.
Су және қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші
мүшесіне өткізеді
A.
Жабын ұлпасы
B.
Түзуші ұлпа
C.
Өткізгіш ұлпа
D.
Тірек ұлпасы
E.
Бөліп шығарушы ұлпа
4.
Көпжылдық өсімдіктерде болады, жасушалары алғашында тірі
болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі
жасушаларға айналады
A.
Өң
B.
Тоз
C.
Қыртыс
D.
Өткізгіш ұлпа
E.
Бөліп шығарушы ұлпа
Жануарларда ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке
ұлпалары болады.
5.
Қорғаныш және бүйрек пен ішекте заттарды сіңіру қызметін
атқаратын ұлпа
A.
Дәнекер ұлпасы
B.
Бұлшық ет ұлпасы
C.
Жүйке ұлпасы
D.
Жабынды эпителий ұлпасы
E.
Безді эпителий ұлпасы
6.
Байлам, сіңір, қан тамырлары қабырғасының негізін құрайды
A.
Дәнекер ұлпасы
B.
Бұлшық ет ұлпасы
C.
Жүйке ұлпасы
D.
Эпителий ұлпасы
E.
Түзуші ұлпа
7.
Жүйке ұлпасының негізгі жасушалары
A.
Миоцит
B.
Лейкоцит
C.
Нейрон
D.
Нефрон
E.
Остеоцит
8.
Бұл ұлпаның жасушалары бір ядролы және қажымайды
A.
Дәнекер
B.
Жүйке
C.
Эпителий
D.
Көлденең жолақты бұлшық ет
E.
Біріңғай салалы бұлшық ет
3 – нұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |