Астана қаласының білім басқармасы «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқК



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата11.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#176459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
МОДО тест жинағы
философия семинар методичка каз (1) (1), презентация, Тезисы Социология каз.
 
Қанайналым жүйесі 
— денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз 
қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген 
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан 
тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. 
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы 
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-
бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана 
қозғалады. 
5.
Алғаш рет қан және қантамырлар жүйесі пайда болды 
A.
Ұлуларда 
B.
Бунақденелілерде 
C.
Буылтық құрттарда 
D.
Балықтарда 
E.
Қосмекенділерде 
6.
Буылтық құрттардың қан тамырлар жүйесі 
A.
Тұйық 
B.
Ашық 
C.
Артерия 
D.
Вена 
E.
Қан тамырлар жүйесі жоқ 
7.
Буылтық құрттарда жүректің рөлін атқарады 
A.
Қалың 5 буылтық тамыр 
B.
Жүрек 
C.
Жүрекше 
D.
Қарынша 
E.
Арқа қантамыры 
8.
Ұлулардың қан айналым жүйесі 
A.
Тұйық 
B.
Ашық 
C.
Артерия 


D.
Вена 
E.
Қан тамырлар жүйесі жоқ 
5 – нұсқа 
Адам тістерінің типтері басқа сүтқоректілер сияқ ты күрек тіс, ит тіс, кіші 
және үлкен азу тістер болып бө лінеді. Ересек адамда 32 тіс болады. Олар 
үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі ұяшықтарға бекінген. Әрбір жақ 
сүйекте 16 тістен орналасқан. Тістердің пішіні әртүрлі. Кесетін жиегі бар 
тістер – күрек тістер немесе алдыңғытістер деп те атайды. Олардың қызметі 
асты «кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8. Күрек тістердің екі шетінде 
пішіні үшкірлеу келген ит тістер орналасқан. Олардың саны – 4. 
Жыртқыштар отрядында бұл тістер жақсы жетілген, сол үшін оларды ит-
тістер деп атайды. 
1.
Қызыл иектен шығып тұратын тіс бөлігі 
A.
Түбірі 
B.
Тіс қаптамасы 
C.
Мойны 
D.
Кіреуке 
E.
Пульпа 
2.
Тістің қызыл иекпен жабылған бөлігі 
A.
Мойны 
B.
Түбірі 
C.
Кіреуке 
D.
Тіс ұяшығы 
E.
Пульпа 
3.
Тістегі жүйке талшықтары мен қан тамырлары түсетін тесік 
A.
Мойны 
B.
Түбірі 
C.
Кіреуке 
D.
Жұмсақ ұлпа (пульпа) 
E.
Тіс қаптамасы 
4.
Ағзаның ең қатты ұлпасы 
A.
Мойны 
B.
Дентин 
C.
Кіреуке 
D.
Цемент заты 
E.
Түбірі 
Суретте тістің топтары берілген 
5.
Күрек тіс көрстілген санды анықтаңыз 
A.

B.

C.



D.

E.
Адамда күрек тіс жоқ 
6.
Күрек тістің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген тістер 
A.
Азу тіс 
B.
Ит тіс 
C.
Күрек тіс 
D.
Кіші азу тіс 
E.
Үлкен азу тіс 
7.
Кесетін жиегі бар тістер 
A.
Азу тіс 
B.
Ит тіс 
C.
Күрек тіс 
D.
Кіші азу тіс 
E.
Үлкен азу тіс 
8.
Сүт тістері түсе бастайды 
A.
10-11 жаста 
B.
6-7 жаста 
C.
20 жаста 
D.
2 жаста 
E.
18-20 жаста 
6 – нұсқа 
Дәрумендер (витамин; лат. вита – тіршілік) – тіршілік етуге қажет ерекше 
органикалық заттар. Дәрумендердің биологиялық белсенділігі өте жоғары. 
Барлық дәрумендер белгілі бір үдеріске қана емес, ағзадағы үдерістер 
кешеніне әсер етеді. Дәрумендердің көпшілігі азық-түлік құрамында болады, 
кейбірі ағзада синтезделеді. Ағза қалыпты жұмыс істеуі үшін шамамен 
дәрумендердің 20 түрі керек. 
1.
Дұрыс тамақтану туралы ғылым 
A.
Биология 
B.
Зоология 
C.
Альгология 
D.
Диетология 
E.
Герпеталогия 
2.
Дәрумендерді 1880 жылы ашты 
A.
Р.Гук 
B.
Н.И.Лунин 
C.
Ч.Р.Дарвин 
D.
И.Мечников 
E.
Ф.М.Мұқамедқақи 
3.
Суда еритін дірумендер 
A.
К,Е,Д 
B.
А, С,В1 
C.
С, РР, В 
D.
В1, В2,В3 
E.
А,Д,Е 
4.
Майда еритін дңрумендер 


A.
К, Е, Д, А 
B.
В1, В2,В3 
C.
С, РР, В 
D.
Гипервитаминоз 
E.
Д, С, РР, В 
С дәрумені (аскорбин қышқылы) – алуан түрлі қызмет атқарады және 
тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен. С дәруменінің ағзаға әсерінің барлық 
қыры әлі күнге дейін белгісіз. Сондықтан маңызды және жақсы зерттелген 
қызметін қарастырайық. 
1. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Ол антидене 
синтездейтін ферменттердің құрамына кіреді. 
2. Сүйек пен тістің берік болуына әсер етеді. 
3. Эпителий ұлпасының қалпына келу жылдамдығын арттырады. Соның 
нәтижесінде қан тамырларының серпімділігі (эластикалығы) жоғарылап, 
оның зақымдануына және тозуына кедергі келтіреді. 
4. Биологиялық тотығу кезінде бөлінетін зиянды заттардың (бос радикал 
деп аталатын) бұзылуына қатысады. 
5.
Тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен 
A.
В1 
B.
С 
C.
Д 
D.
А 
E.
В12 
6.
С дәруменіінің авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды 
A.
Тиамин 
B.
Ақшам соқыр 
C.
Рахит 
D.
Цинга 
E.
Анемия 
7.
В1 (тиамин) авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды 
A.
Ақшам соқыр 
B.
Цинга 
C.
Бери – бери 
D.
Рахит 
E.
Пеллагра 
8.
С дәруменінің тәуліктік қажет мөлшері 
A.
120 – 150 мг 
B.
60 – 100 мг 
C.
2,5 мг 
D.
1,5 – 2,5 мг 
E.
12,5 мг 


7 – нұсқа 
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы 
жасушаларының: тері, шаш, шырышты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру 
үшін қажет. Ол ымыртта және түнде жақсы көруге әсер етеді. А дәрумені 
жетіспесе тері құрғақ болады, жарылады, қабыршақтанады. Тыныс алу 
жолдарының сілемейлі қабығы мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді. А 
дәруменінің авитаминозы кезінде ақшам соқыр ауруы пайда болады. 
1.
А авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды 
A.
Бери – бери 
B.
Цинга 
C.
Рахит 
D.
Ақшам соқыр 
E.
Пеллагра 
2.
Ағзаның өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының: 
тері, шаш, шырышты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет 
A.
В1 
B.
С 
C.
Д 
D.
А 
E.
В12 
3.
А дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сары 
пигменттері 
A.
Хлорофилл 
B.
Ксонтофилл 
C.
Каротин 
D.
Антоциан 
E.
Флавон 
4.
А дәруменінің тәуліктік қажет мөлшері 
A.
120 – 150 мг 
B.
1 – 2 мг 
C.
3,5 мг 
D.
0,5 – 2,5 мг 
E.
12,5 мг 
5.
Суретте берілген ауру қай дәруменнің гиповитоминоз 
салдарынан туындады 
Мешелмен (рахит) ауырған баланың аяқ сүйектерінің қисаюы 
A.
В1 
B.
С 


C.
Д 
D.
А 
E.
В12 
6.
Орталық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, сондай-ақ зат 
алмасу және қан түзілу үшін маңызы зор 
A.
В1 
B.
С 
C.
В2 (рибофлавин) 
D.
А 
E.
В12 
7.
Нәруыздардың алмасуын реттейді, ағзаның темірді 
пайдалануына, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді, майлардың 
алмасуын, бауыр мен терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз етеді 
A.
В1 
B.
С 
C.
В2 (рибофлавин) 
D.
А 
E.
В6(пиридоксин) 
8.
Қан түзілу үшін қажет, ол бауырдың қызметін реттейді, жүйке 
ұлпасы жасушаларының жаңаруына қатысады, бұл дәрумен жетіспесе 
қатерлі анемия ауруын тудырады 
A.
В1 
B.
В12 (цианкобаламин) 
C.
В2 (рибофлавин) 
D.
А 
E.
В6(пиридоксин) 
8 – нұсқа 
Көпжасушалы жануарлардың асқорыту жүйесі эволюция барысында 
қалыптасты. Біржасушалы жануарларда қоректік заттар денесінің беті – 
жасуша мембранасы арқылы өтеді немесе арнайы органоидтер тұтып қалады. 
Кейін тамақ лизосома арқылы жасуша ішінде қорытылды. Бірақ 
көпжасушалы ағза жасушасына басқа тіршілік иесінің нәруыздары, майлары 
немесе көмірсулары ыдыраған күйде түсуі қажет. Ағза жасушаларына 
қоректік заттарды (тамақ нәруыздары, майлары мен көмірсулары) қолжетімді 
ету үшін асқорыту мүшелері немесе асқорыту жүйесі керек. 
1.
Ағзаның қоректік заттарды сіңіруі 
A.
Тыныс алу 
B.
Фотосинтез 
C.
Асқорыту 
D.
Бөліп шығару 
E.
Гомеостаз 
2.
Астың ыдырау реакциясын тездететін, яғни органикалық 
заттарды қорытатын нәруыз 


A.
Абсорбция(сіңіру) 
B.
Реабсорбция(қайта сіңіру) 
C.
Асқорыту ферметтері 
D.
Асқорыту бездері 
E.
Асқорыту заттары 
3.
Ас қорыту барысында түзілетін органикалық заттардың ұсақ 
молекулаларының ішек қабырғасы арқылы қанға және лимфаға өтетін 
физиологиялық үдеріс 
A.
Абсорбция(сіңіру) 
B.
Реабсорбция(қайта сіңіру) 
C.
Асқорыту ферметтері 
D.
Асқорыту бездері 
E.
Асқорыту заттары 
4.
Ауыз қуысында ыдырайды 
A.
Нәруыз 
B.
Май 
C.
Көмірсу 
D.
Аминқышқылдар 
E.
Жасунық 
Суретте адамның асқорыту мүшелері берілген 
5.
Дәрумендер мен минералды тұздар сіңіріледі 
A.
Ауыз қуысында 
B.
Өңеште 
C.
Тоқішекте 
D.
Ашішекте 
E.
Асқазанда 
6.
Тыныс алу және асқорыту жүйесінің ортақ бөлімі 
A.
Мұрын 
B.
Жұтқыншақ 
C.
Көмей 
D.
Өңеш 
E.
Ұлтабар 
7.
Бауыр және ұйқы безінің өзектері ашылады 


A.
Аш ішекке 
B.
Тоқ ішекке 
C.
Ұлтабарға 
D.
Ішек бүрлеріне 
E.
Бауырға 
8.
Ащы ішектің қалған бөлімдері қорытылған заттарды қанға және 
лимфаға сіңіріледі 
A.
Өт арқылы 
B.
Бактериялар арқылы 
C.
Ішек бүрлері арқылы 
D.
Ұлтабар арқылы 
E.
Амилаза арқылы 
9 – нұсқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет