Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе қазақ халқы XX ғасыр үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мен Қазақстан соңғы жүз жылда жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал болашақта гүлденудің татулық маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Менің Қазақстаным мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың .
Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
2-тапсырма Эссе талаптарына сай жазылған ба? Сай болмаса түзету енгізіңіз.
1.Әкелердің бүгінгі қоғамдағы орны ….. ( екі дәлел)
2. Менің әкем ( екі дәлел) (салыстырулар, балаға әсері, ықпалы)
3.Жақсы әке болу - мақсатым.
№18 Тақырыбы Эссе жазудың тиімді жолдары