Астана ақшамы. – 2012. №35. – 31 наурыз Ахметов Қ



Дата18.02.2018
өлшемі79,41 Kb.
#37850
Астана ақшамы. – 2012. - № 35. – 31 наурыз

Ахметов Қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мұражайының меңгерушісі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-коореспонденті
Қазақы намыс, қайдасың?

Тәуелсіз елміз дегенді жиі айтқанды жақсы көреміз. Соған сәйкес төл заңдарымыз да бар. Солардың бірі толықтырулармен нақтылана түскен - ҚР «Тіл туралы» Заңы. Бірақ, оны орындауға неге құлықсызбыз? Қазақ қоғамын бейқам тірлік билеп алғандай. Сыныққа сылтау іздесе табылады екен. Ең басты, ең салмақты уәж - бізге қоғамдық келісім мен тыныштық керек. Сөз жоқ, әрине керек. Тіпті ауадай қажет. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүруі, бір-бірінің мүдделеріне құрметпен қарауы -еліміздегі саяси тұрақтылықтың басты шарты. Елдегі саяси тұрақтылық - экономиканың өрлеуінің, яғни, халқымыздың алаңсыз еңбек етуінің басты шарты. Дәл осыған күмән келтіретін, дәл осы оймен таласа алатын ағайын табыла қоймас бұл күндері.

Ал, мемлекеттің мығымды мығымдылығының негізгі сипатты белгілерінің бірі болып табылатын осы қасиетке, ұлттық мүдделерге, ең алдымен қазақ халқының ұлттық ұстанымдарына нұқсан келтірмей қол жеткізуге бола ма? Әбден болады. Бұл айтқанымызбен дауласу қиын. Өйткені, әлемдегі жалғыз көпұлтты мемлекет Қазақстан ғана емес. Тіпті, тұтасып, өздері ғана отырғандай Қытайда да ханъдар - 93 пайызды құрайды, қалған жұрт (сонда да жүз миллиондай адам) чужандар, ұйғырлар, моңғолдар, тибеттіктер, хуэйлер, маолар сияқты әртүрлі тілдік топтарға жататын 50-ден астам халық. Алайда, құрысыншы, ши шықпасыншы деп мемлекет негізін кұратын халықтың ұлтгық мүдделері екінші қатарға ысырылмайды. Ал, бізде қалай? Сол тыныштық үшін зандардың орындалуын талап етпеуге де болады. Басқалардың қас-қабағына қарап, өз мүдденнің орындалуын кейінге ығыстыра тұруға да болады. Өйткені, бізге асығыстық жасауға болмайды. Мұны айтатын басқа емес, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған керенау кеңселердегі мықтылар мен саяси ұйымдардың бастауында жүргендер. Құдды солардан басқалар Қазақстанда тыныштық болғанын қаламайтын тәрізді. Ал, заңдағы 7-баптың орын­далуын талап етсе, оларға республикадағы өзге ұлт пен ұлыс өкілдері наразылық білдіріп, көшеге шығып кететіндей көрінеді.

Бұл жағдайдың неліктен осылай қалыптасқанын теориялық тұрғыдан тиянақтаған еңбектер де аз жазылып жүрген жоқ. Оларда мұның себептері жан-жақты, объективті дәлелденеді. Екі ғасырдай орыс империясының, жетпіс жылдай кеңес елінін құрамында болғанымыз, сол жылдар ішінде орыстандыру саясаты жүгенсіз жүргізілгендігі, орыс тілін неғұрлым игерсек, коммунизмге соғұрлым ертерек жетеміз деген тезистін әбден белен алғаны, соның кесірінен тілге қатысты мәселелердің қажау қалға­ны, тағысын тағы сияқтылар толып жатыр. Мұның бәрі рас. Дегенмен, мынажәйтқа дес берейікші. Адалын айтар болсақ, осы бір ғана қазақтың басына түскен құқай ма? Жоқ, олай емес. Жетпіс жыл кеңестік саясаттың илеуінде болып сорладық дегенді айта береміз, оның шоқпарының астында бізден басқа да он төрт ел болды той. Бірақ, олардың біз секілді зардап шеккені аз .



Балтық бойындағы анау елдеріңізде дүкеніне барып орыс тілінде сол кездің өзінде нан сұрап ала алмайтынсың. Басқаны айтпағанда, көрші Өзбекстанда да кеңестік кезең тұсында да төл тілі үстем тұратын. Армяндар мен орыс тілін ортасынан омырып сөйлейтін Грузия халқы да тіпті әліпбиін кириллицаға айырбастаған емес. Ал, біз кемшіліктің, астарының бәрін өткен кезеңнен іздей-міз. Сөйтіп, өзімізді-өзіміз ақтағымыз келеді. Бүгінгі күні тәуелсіздік алғаннан кейін солай. Намыссыздықтың кесірі бұл. Одан басқа анықтаманы іздеп табу қиын. Намыссыздар ғана жауапкершілікті басқаларға жеңіл аудара салады. Міне, азаттығымызды жариялағанымызға 20 жылдан асты. Мемлекттік тілді сол азаттығымыздын тірегі деп білеміз. Ал, тірегі шатқаяқтаған қандай нәрсе болсын ұзаққа бармайтыны белгілі ғой. Осы кезде тіл мәселесі ұшығып тұрған кезде, қабылданбаған кезде қайтадан қарастырылып, қабылданбаған заң енді қашан қабылданады?

«Тәуелсіздік - алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі елтаңба, екіншісі — ән-ұран, үшіншісі — көкбайрақ, төртіншісі — қазақ тілі. Егер, тәуелсіздік алып егеменді ел болмағанымызда екі-үш жылдың ішінде қазақ тілі мүлдем құритын еді. Енді, міне, қасиетті ана тіліміздің бойына қан жүгіре бастады. Оны онан әрі жетілдіре беру әр қазақтың қасиетті борышы» деген болатын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.

Осы борышты орындаудың қарапайым жолдарын айтудан да Прези-дентіміз жалыққан емес. Әуелі «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін, жал-тақтауды қоятын заман туды, қазақ тілінің болашағы қазақтардың өздерінің қолында» деген нақты да әбден түсінікті,өзіміз де түсініп жүрген қағиданы неге ұстанбаймыз? Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы ана тілімізден артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екенін түсінетін уақыт өтіп бара жатқан сияқты. Енді қашанғы ұзын арқан, кең тұсауға сала береміз? Олай болса өз елімізде, өз жерімізде ана тіліміздің толық үстемдігін орнатып, мемлекеттік тіл болып қалыптасуы, тек Үкіметтің қамқорлығымен іске аспайды, оған қосымша қазақ азаматтарының, әсіресе жастарының ынтасы болуы керек деп санаймыз. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтату үшін мемлекеттен аз қаржы белінген жоқ.



«Қой көрмеген қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, дербестік тізгіні қолымызға тиер тиместен, біресе билікке, біресе бірлікке килігетін ұрда-жықтың қандай орға жығып, қандай сорға тап қылатынына көзіміз жетердей уақьгт болған жоқ па? Мұндайдан арғы-бергіде аузы аз күймеген халқымыздың әрбір естияр азаматы тап бүгін байлықты да, билікті де емес, елдікті көбірек ойлағаны орынды болар еді. Оған ақылы жететіндер басқалардың ақылы жетпейді екен деп айнып кетпегендері дұрыс. Бәрібір салмақ қолынан іс келетіндер мен ақылы жететіндерге түседі. Сондықтан, әркім қолынан келетінін аянбағаны жөн деп есептейміз. Бұл істегі басты катализатор — ұлттық намыс болуы екені бесенеден белгілі. Қалай дегенмен, қазақ тілі ауылдың тілі емес, биліктің, бизнестің, техниканың тіліне айналатынына, меже еткен мәселелердің орындалатынына бүгінгі жастарды иландырсақ игі. Яғни, жарқын болашақта қазақша білмесен, нан табуың мұң болатынына, білім мен біліктілігін халқының пайдасына жұмсағысы келетін жастар үшін мемлекеттік тілсіз ертеңгілік қараңғы екенін ұқтырсақ. Өз басыма

келсек, мұражайға саяхаттап келген студент жастардың аға буынның өкілі ретінде осы мәселені құлақтарына құя беруді азаматтық парызым деп есептеймін. Иә, айта берсек жастарға көмегі тимей қалмас, немқұрайды қараудан аулақ болсақ қана үміттің оты сөнбес деп санаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет