Механикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда, адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда дамиды
Орналасуына байланысты жіктелуі:
Орналасуына байланысты жіктелуі:
1. Жоғарғы тыныс алу жолындағы бөгде зат.
2. Төменгі тыныс алу жолындағы бөгде зат.
Аурудын ағымына байланысты жіктелуі:
1. Жіті жəне жітілеу – бронхылардың қақпақшалы түрде немесе толық жабылуы. Бұл жағдайда тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылысымен байланысты ателектаздық пневмония көрінісі байқалады.
2. Созылмалы ағымы – бөгде заттың тыныс алуға əсер етпей кеңірдек жəне бронхыларда орнығуы, ателектаз жəне эмфизема белгілері жоқ, тек қана бөгде заттың орныққан жерінде қабыну үрдісі жəне сол жердің дренаждық функциясының бұзылуымен əйгіленетін пневмониямен сипатталады.