Астматикалық статус – бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін басылмайтын жəне симпатомиметикалық дəрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады.
Астматикалық статус – бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін басылмайтын жəне симпатомиметикалық дəрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады.
1. Анафилаксиялық түрі: (ДЖ дереу, дамитын түрі) Иммунологиялық емес немесе псевдоаллергиялық реакциялармен аллергиялық реакция медиаторларының көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. Бұл түрінде гипоксия үдемелі түрде дамиды, сондықтан барлық клиникалық көріністері қарқынды жəне тасқынды түрде бір-бірін тез алмастырып отырады. Жедел жəне ауыр тұншығу ұстамасы комалық жағдайға туындатады.
2. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) – β-адренергиялық рецепторларының функциональды блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше тəуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде қимылдау, əжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды.
ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: I кезеңі – салыстырмалы компенсация кезеңі. Симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге көнбейтін, бронхылық демікпенің ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы. Келесі клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:
- тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына 30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ;
- науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің қосымша бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;
- тынысы əлсіз, сырылдар өкпенің тек жоғарғы бөлігінде естіледі, бронхылардың толық бітелуінен кей жерінде тыныс шуылдары мүлдем естілмейді («үнсіз өкпе»);
- парадоксальды пульс – тыныс алу кезінде пульс толуының азаюы (pulsus paradozus), жүрек жиырылуының минутына 120- дан артуы байқалады;
- ЭКГ-де жүректің оң жақ бөлігінің жүктемелену белгілері, аритмия болуы мүмкін;
- артериялық қысым жоғары;
- бауырдың фиброзды капсуласының кеңеюінен оң жақ қабырға тұсында ауырсыну сезімі күшейеді;
- артериялық қанның газдық құрамы өзгереді - айқын гипоксия (Ро2 50-60 мм.рт.ст.) жəне гиперкапния (Рсо2 50-70 мм.рт.ст.) респираторлы немесе аралас типті ацидоз дамиды.