- Жедел жəрдем:
- - анафилаксиялық түрінде: 0,3-0,5мл 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,9 % натрий хлорид ерітіндісіне қосып көк тамырға құю;
- - маска арқылы ылғалды оттек;
- - көк тамырға кортикостероидтар жіберу: глюкокортикоидтық гормондар – преднизолон көк тамырға 90-150 мг (300 мг дейін), 120-180 мг метилпреднизолонға шағып есептегенде;
- - β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы – сальбутамол 100 мкг/мөлшерін небулайзер арқылы 5-10 минут беру. Əсері болмаған жағдайда 20 минуттан кейін ингаляцияны қайталау; немесе сальметерол + флутиказон аэрозоль түрінде 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 1000-2000 мкг небулайзер арқылы 5-10 минут беру;
- - аминофиллиннің бастапқы мөлшері дене салмағына 5,6 мг/кг (10-15 мл 2,4% ерітіндісін 5-7 минут баяу енгізу), сүйемелдеуші мөлшері- 2-3,5 мл ерітіндісін науқастың клиникалық жағдайын жақсарту үшін фракционды немесе тамшылатып енгізіледі;
- - гепарин 5000-10000 БІР көк тамырға;
- - инфузиялы терапия, сұйықтықтың орнын толықтыру мақсатымен гемоконцентрацияны реттеу, жəне бронхыдағы қақырықты, сілемейді сұйылту үшін - көк тамырға 4% гидрокарбонат натрий ерітіндісі, 0,9% натрия хлорид ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі;
- - өкпе вентиляциясының үдемелі бұзылысында жасанды вентиляция қолданылады (ИВЛ).
Достарыңызбен бөлісу: |