1. Кенеттен басталатын асфиксия. Дені сау адамда кенеттен тұншығу сезімінің пайда болуы. Бөліктік обструкция кезінде - дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем жоғалуы.
Толық обструкция кезінде науқас сөйлей алмайды, тек қолымен мойнын көрсетіп белгі береді. Гипоксияның жылдам дамуы науқастың есінен танып, құлауына алып келеді.
2. Тағам қабылдағаннан кейін, ұстама тəрізді кенеттен басталған «себепсіз»жөте.
3. Бөгде зат жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалса - инспираторлы, ал бронхтарда болса - экспираторлы ентігу болады.
4. Ысқырықты тыныс.
5. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатын бөгде заттың зақымдауына байланысты қан қақырудың болуы.
6. Өкпе аускультациясы кезінде – тыныс шуыдарының біржақты немесе екіжақты əлсіздігі байқалады.