Қазіргі таңда отандық өнеркәсіпте



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі372,97 Kb.
#80359
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2-сабаk'
лаб теор основы, «Асты- т-йірді са-тау мен --деуді- технологиялы- процесстерін же (1), жазира пв, Бүгін менің туған күнім, Бүгін менің туған күнім, 1234, мазмұны, Кванттық механика Бейорганикалық химия пәні, 1-lesson Water Sources for Irrigation, тапсырма №4 анатомия



10.8. ҚЫЗЫЛША КЕСКІШ

Қызылша кескіш қант қызылшасының тамыр жемістерін жоңқа түрінде ұсақтауға арналған. Мұндай ұсақтау диффузиялы әдіспен сахарозаны тиімді алу үшін қажет. Қызылша кескіштің әрекеті қызылша мен пышақтың қозғалысына негізделген.


Кескіш құралдарының конструкциясына қарай кескіш машиналарды келесідей топтарға бөледі:
- орталықтан сыртқа тепкіш (қозғалмайтын кескіш құралы бар), оларда пышақ жақтаулары вертикальды корпустың жіктерінде бекітілген, ал өнім пышақтарға орталықтан сыртқа тепкіш күштердің және айналмалы ротор қалақтарының тоқтатып қалуы есебінен қысылады;
- дискілі (қозғалмалы кескіш құралымен), мұнда пышақтар айналмалы дискіге бекітіледі, ал өнім пышақтарға арнайы қысқыштармен және өз салмағының әсерінен қысылады;
- барабанды (қозғалмалы кескіш құралымен), онда пышақ жақтаулары горизантальды айналмалы барабан қабырғасының жігіне бекітіледі, ал өнім пышақтарға арнайы құралдармен қысылады;
- құрама, оларда пышақтардың екі және одан да көп топтары болады, оған қоса пышақтардың бір тобы айналмалы қозғалыс жасайды, ал екіншісі, әдетте, қозғалмайды және перпендикуляр жазықтықта жатады.
Қазіргі таңда отандық өнеркәсіпте орталықтан сыртқа тепкіш қызылша кескіш машиналар кеңінен таралған. Оларда пышақтары бар жақтаулар вертикальды орнатылған корпустың жігінде бекітілген. Қызылша кескішке түскен қызылшалар пышаққа қатысты алғанда ротормен қозғалып, пышақтарға орталықтан сыртқа тепкіш күштердің көмегімен құлақша қалақтарының тоқтатып қалуы әсерінен қысылады.
Сыртқа тепкіш қызылша кескіштер пышақтарды жүріс барысында ауыстыруға, ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы да, жұмыс жасайтын пышақтар саныен де өнімділікті реттеп отыруға, әрбір пышақтан түсетін жоңқаның мөлшерін сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Алайда олардың конструкциясы айтарлықтай күрделі, жоңқасында брак мөлшері жоғары болады және электр энергиясын көп тұтынады.
Дискілі қызылша кескіштер шет мемлекеттерде сериялы түрде шығарылады және кеңінен қолданалады. Бұл машиналарда пышақтарды жақтауларымен горизонтальды айналатын дискінің жігінде орнатады, қызылшалар қозғалмайтын күйде болады және пышықтарға өз салмағының әсерінен, арнайы қысқыштардың көмегімен қысылады.
Дискілі қызылша кескіштер орталықтан сыртқа тепкіш және барабанды кескіштерге қарағанда электр энергиясын әлдеқайда аз тұтынады, оларда сапалы жақсы қызылша жоңқасын алады, алайда пышақты ауыстырған кезде электр қозғалтқышты тоқтатуды талап етеді. Сондықтан қызылшаның жуылу сапасы төмен болғанда пышақтарды жиі ауыстыратындықтан, дискілі қызылша кескіштер жөндеу және қызмет көрсетуде көп еңбекті талап етеді. Мұндай қызылша кескіштің тиімділігі тек қызылша жақсылап тазартылғанда ғана қамтамасыз етіледі.
Барабанды қызылша кескіштер конструкциясы жағынан әлдеқайда қарапайым болады, жақсы жоңқа береді, алайда электр энергиясының көп мөлшерін тұтынады, пышақтарды ауыстыру тек қызылша кескішті тоқтатқан кезде ғана жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет