№2 Зертханалық
жұмыс
ОБЕРБЕК МАЯТНИГІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ
АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫН
ТЕКСЕРУ
Жұмыстың мақсаты:
Обербек маятнигі
көмегімен қатты дененің
айналмалы қозғалысының заңдылықтарымен тәжірибе арқылы танысу.
Керекті құрал – жабдықтар
: Обербек қондырғысы, штангенциркуль,
миллиметрлік сызғыш,
электрлік секундомер, жүктер жиыны, ELWRO
қондырғысы.
Жұмыстың сілтемесі:
http://mediadidaktika.ru/mod/page/view.php?id=6
Обербек маятнигі қос шкивке бекітілген крестовинадан (бір-біріне 90 градус
бекітілген екі білеу) тұрады. Оның айналыс осі горизонталь
орналастырылады да, подшипниктерге бекітіледі (1-сурет).
Аспаптың айналысы шкивке оралған жіп көмегімен жүзеге асырылады.
Керілу күшінің өзгерісі жіптің бос ұшына бекітілген әр түрлі массалы жүктер
көмегімен жасалады. Құралдың инерция моментін
бір пішіндегі бірдей
массалы төрт жүкті білеулер бойымен қозғалту арқылы өзгертуге болады.
Аспаптың айналмалы қозғалысының теңдеуін үш шама байланыстырады:
жіптің керілуінің күш моменті, бұрыштық үдеу және аспаптың инерция
моменті.
Жіптің керілуінің күш моментін және
бұрыштық үдеуді ілінген жүктің
ілгерілемелі қозғалысының үдеуін біле отырып есептеуге болады, себебі
=
а/r. Үдеу жүктің жүріп ӛткен арақашықтығы мен оған сәйкес уақыт
аралығымен анықталады.
Сонымен қондырғының инерция моментін
тәжірибеде өлшенген
шамалар көмегімен есептеуге болады. Маятниктің айналатын бөлігі үшін
айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі:
Барлық белгілі мәндерді соңғы теңдеуге қоятын болсақ:
Жұмыстың орындалу реті:
1.
Маятник білеулерінің ұштарына жүктерді бекітіңіз. Маятникті
теңестіріңіз. Ол үшін алдымен бір диаметр бойында орналасатын екі жүкті
бекітіп, маятникті қозғалысқа келтіріңіз. Оның қалай айналып тоқтайтынын
қадағалаңыз. Маятникті дұрыс теңгерген кезде
оның айналысының тежелуі
бірқалыпты болуы керек, ал соңғы орналасу күйінің орны бізге бәрібір.
Осыдан кейін қалған екі жүкті білеу ұштарына бекітіп,
маятникті теңгеруді
тағы қайталау керек. Қажет болса, жүктерді жылжытуға болады.
2.
Жіпке ілінген жүктің ұзындығын, яғни жүктің жүрген жолын 1м ден
2,2 м дейін қалауынызша етіп алыныз.
3.
Крестовинадағы жүктердің айналу осіне дейінгі қашықтықты
1
l
0,1 м
етіп, жіпке ілінген жүктің салмағын 0,1 кг-нан біртіндеп 1кг дейін арттыра
отырып (кестедегі № деген бағанадағы рет соны білдіреді, яғни 4
массаны
қалауынызша аласыздар 0,1-1 кг) жүктердің түсу уақытын анықтаңыз.
4.
Крестовинадағы жүктердің барлығын алып тастап, жіпке ілінген
жүктің салмағын 0,1 кг-нан біртіндеп 1кг дейін арттыра отырып (кестедегі №
деген бағанадағы рет соны білдіреді, яғни 4 массаны қалауынызша аласыздар
0,1-1 кг) жүктердің түсу уақытын анықтаңыз.
5.
Крестовинадағы жүктердің айналу
осіне дейінгі қашықтықты
2
l
ортаға қарай жылжытып, жіпке ілінген жүктің салмағын 0,1 кг-нан біртіндеп
1кг дейін арттыра отырып (кестедегі № деген бағанадағы рет соны білдіреді,
яғни 4 массаны қалауынызша аласыздар 0,1-1 кг) жүктердің түсу уақытын
анықтаңыз.
6.
Нәтижелерді 1-кестеге енгізініз
7.
Шкив радиусын 2,2 см
деп қабылдаңыз
8.
Үдеуді анықтаңыз
9.
Бұрыштық үдеуді анықтаңыз
10.
Инерция моментін анықтаңыздар