Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы



бет2/2
Дата27.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#5706
1   2


22 маусым 2015 ж «Күншуақ» лагерьінің ашылу салтанаты.
Мақсаты: Оқушыларға сұрақ қою арқылы өтіп жатқан лагерьдің ашылу салтанатының мазмұнын түсіндіру мақсатын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, достасуға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті шарлар, слайд «Бәйтерек», гүлдер, плакаттар.

1.Бұл күні лагерьдің ашылу салтанатты жиыны өтті.

Балалар лагерьге көтеріңкі көңіл-күймен келді. Лагерьдің ашылу салтанаты мектебіміздің думан залында өтті. Сахна мерекеге сай безендірілген.

2. Алақай жаз келді!

Көктем келді май келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,
Кел, бірге жүр, жақсы май.
Гүл терейік, алақай!

Маусым айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі біздің мектепте орналасқан ««Күншуақ»» лагерьінде «Қызғалдақ» тобы таныстырылды.

3. Ой қозғау. Сұрақ – жауап.
А) Сенің отаның қай ел?
Ә) Қазақстан қандай ел?
Б) Қазақстан астанасы қай қала?
В) Қазақстан Республикасын кім басқарады?
Г) Бәйтерек монументінің биіктігі неше метр?
Бәйтерек монументі туралы слайд көрсету.


4. Қане достар танысайық. Балалар бір-бірімен танысып, достасып кетті. Балалар Атамекен әнін шырқады. Түрлі топ жарыс ойындарын өткізіп тамашаладық.

-Жануарлар қимылдарын көрсету.

- Жұмбақ шешу.

-Жаңылтпаш айту.

-Ұйқасын тап.

-Арқан тарту.

Топжарыс ойындары соңында жеңімпаз балаларға сыйлықтар берілді. Балалардың көңіл-күйлері өте жоғары болды. Жиын соңында балалар өздері білетін өлеңдер, тақпақтар, билерін көрсетті. Кеш соңында түрлі спорттық жарыстары өткізілді. Лагерьдің ашылу салтанаты ойдағыдай өтті.

4. Балалармен « Жарақаттанудан сақ бол» атты әңгіме жүргізу.

Сақтық шараларын түсіндіру. Балалар пікірін тыңдау.

Саябаққа саяхат.

Мақсаты: Балаларға табиғат тынысы туралы түсініктерін тереңдету.Табиғат тазалығы мен көркемдігінің адамзатқа тигізер зор үлесі мен құндылығын түсіндіру.Табиғатты сүюге, аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Лагерьдің бұл күні саябакка бардық.Саябақта сайыс өткіздік. Сайысқа лагерьдің оқушылары түгел қатысты.

Сайыс барысы: 1. Кіріспе сөз. 2. Сөзжұмбақ шешу. 3. «Табиғатты аялайық» тақырыбына сурет салу. 4. Табиғат,жер-ана,туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы.

5.Құстардың дауысын,қимылдарын көрсету. 6. «Туған қаламның экологиясы» тақырыбына өз ойларын әңгімелеп айту. Сайысқа оқушылардың бәрі белсене қатысты.

Сайыс тартысты өтті. Сайыс соңында балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалардың көңіл- күйлері өте жоғары болды. Лагерьдің бұл күніде өте шықты. Біз лагерьге оралған соң балалардан саябақтан алған әсеріміз жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдадық. Балалар табиғат туралы түсініктерін, Жер-ананы қорғау, туған қаламыздың экологиясы туралы ойларын айтып өтті.

Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруының негізгі

МАҚСАТЫ:

  • Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын өткізуін қамту;

  • Азаматтық жауапкершілігін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен зиянды заттардың алдын алудың негізгі ұстанымдарын дамыту;

  • Әр түрлі іс- шаралар өткізу: акциялар, сурет көрмелері,сайыстар, фестивальдар және т.б.

  • Қоғамдық - пайдалы еңбекке тәрбиелеу;

  • Көркемдік шығармашылығын, танымын, дене тәрбиесін жетілдіру.

Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруының негізгі

МІНДЕТТЕРІ:

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

  • олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

  • азаматтық сана- сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

  • қоғамдық пайдалы іс-әрекетте дағдыларын практикалық түрде қолдану.

Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруының негізгі

ПРИНЦИПТЕРІ:

  • Балалардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігін, құқығын сақтау;

  • Жеке қызығушылықтарын сақтап, жеке тұлға ретінде баланы дамыту;

  • Жеке басының қиыншылықтарын шешуге және өзге балалармен тіл табыса білуге үйрету;

  • Өзін-өзі басқару ұйымы мен педагогикалық басқару тәсілдерінің сәйкестігі;

  • Ұжымның өзіндік жұмыс жасау мүмкіндіктерінің құқығы болуы.

- Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын

ұйымдастыру кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау



  • Лагерьдің барлық бөлмелері өрт сөндіру және қорғану құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Лагерьде өрт жағдайында, апаттық жағдайлар кезінде балаларды қауіпсіз жердегі көшіру жоспарлары дайын болулары қажет.

  • Лагерь қызметкерлері оқушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қатысты нұсқауларды алатын арнаулы семинарлардан кейін, дәрігерлік тексеруден кейін ғана жұмысқа жіберіледі.



Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруының негізгі

ҚЫЗМЕТІ:

  1. Мектеп жанындағы демалыс лагері оқушылардың қызығушылығы мен сұранысы, аймақтың әлеуметтік жағдайын, ұлттық- мәдени дәстүрлері және Қазақстан Республикасы білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы негізінде өз бағдарламалары мен жоспарын құрады;

  2. Мектеп жанындағы демалыс лагерінде балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай топтар мен орталықтар өз жұмыстарын атқарады;

  3. Топтардың, орталықтардың қызметі «2015 жылдың жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірім-дердің демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру туралы» бұйрығын орындау мақсатында жүзеге асады;

Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруын

БАСҚАРУ:

  1. Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруына қатысушылар, жауаптылар мектеп директорының бұйырығы негізінде тағайындалады;

  2. Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысына лагерь жетекшісі, көмекшісі, мед.бибі және т.б адамдар қатысады.

Оқушылардың сауықтыруын, бос уақытын, жазғы демалысын ұйымдастыруына қажетті құжаттарды жүргізу тәртібі:

  1. Жазғы демалыс лагерін ашылуы туралы мектеп директорының бұйрығы. Бұйрықта: лагерьдің өту мерзімі, күн тәртібі, уақыты көрсетілуі тиіс.

  2. Лагерьге қатысатын, жауапты адамдардың тізімін бекіту(лагерь жетекшісі, мед.қызметкерінің және т.б адамдардың аты- жөндері көрсетілуі тиіс).

  3. 1,2 ауысымға лагерь жетекшісін тағайындау. Лагерь қызметкерлері төмендегі алдын ала ұйымдастырушылық жұмыстарын әзірлеу керек:

  • Ойын алаңын;

  • Асхананы;

  • Спорт алаңын;

  • Демалыс бөлмесін;

  • Лагерь атрибутикасын;

  1. Күн тәртібін анықтау.

  2. «2015 жылдың жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру туралы» бұйрығын орындау мақсатында іс- шараларды жоспарлау.

  3. Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың денсаулығы мен өмірін сақтау, олардың судағы қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өткізу мақсатында бұрыш ұйымдастыру

«Күншуақ»- атты мектеп жанындағы демалыс лагерінің күн тәртібі:

900 – 910 Оқушыларды қабылдау.

910 – 930 Еңбек десанты

30 – 1000  Орталық жұмыстары

1000 – 1045 Сауықтыру жұмыстары.

1045- 1130Жалпы іс- шаралар

1130- 1200 Бүгінгі күннің нәтижесі

Тақырыбы: “Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ”

Мақсаты: Оқушыларды ұжымдыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа,

мейірімділікке, ерлікке, кеңдікке тәрбиелеу.



Жоспары:

І.Мотивациялық кезең.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Амандасу рәсімі.

3.Таңертеңгі жаттығу.



ІІ. “Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ” атты сайыс.

Сайыскерлерді ортаға шақыру.



І тур.Ең алдымен мақалшылар тобын қарсы алайық.

Мен мақалдардың басты жолдарын айтамын сендер жалғасын табасыздар.



  1. Өнер алды- қызыл тіл

  2. Өз елім-өлең төсегім

  3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

  4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл

  5. Ырыс алды- ынтымақ

  6. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді

  7. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы

  8. Жеті рет піш, бір рет кес

  9. Ананың сүті бал, баланың тілі бал

  10. Бірлік болмай, тірлік болмас

Көрермендермен ойын.

Берілген сөздерге мақал айту

Білім, оқу, еңбек, жалқау, әдепті, бата, гүл, қыз, өнер, отан.

ІІ тур. Жұмбақшыларды ортаға шақырайық.


  1. Біреуі сөйлейді, екеуі қарайды, кеуі тыңдайды (тіл, көз, құлақ)

  2. Қазанда қайнап піспеген, дастарханға түспеген, адам жоқ оны ішпеген

(ананың сүті)

  1. Төрт аяқты бір ат, жүре алмайды бірақ (үстел)

  2. Шыңдары шырқау, көшіп жүр бір тау (тау)

  3. Ақ сарайын таландап, шықты біреу талтаңдап (балапан)

  4. Тілі бетінде тұр, сөзі шетінде тұр(Сағат)

  5. Асқар тауда қара орман (шаш)

  6. Ерінбей еңбек істеген, онсыз тамақ ішпеген(қасық)

  7. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді (Хат)

  8. Қызып кетсе табаны, көзін қысып қалады (Үтік)

Көрермендерге жұмбақ жасыру

ІІІ. Ақырғы айналым.Жұмбақшылар мен мақалшылар жеңімпаздарын

шақырамын.

Бар екен тақыр кілм, түкті кілем

Жабылып көтере алмас мықты кілем.(Жер)

Бір сусын бар жұртымда, ішсең уыз ұртыңда

Бәрі содан шығады, ірімшік май құртыңда (Сүт)

Бетін адам ашады, білім нұрын шашады (Кітап)

Кірш,кірш етеді ішіне кіріп кетеді(Ине)

Қалқиған ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады (Қоян)

ІҮ.тур соңғы айналым.жеңімпазбен

Мына сөз тіркестері нені білдіреді

1.Аузы күю- өкіну.

2.Қой аузынан шөп алмас- момын, жуас.

Жеңімпазды анықтау, мараппаттау

Тақырыбы: Табиғат аясында “Қазынаны тап” ойыны

Мақсаты:Оқушыларды ойын арқылы шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.

Оларды логикалық ойлауға, тпқырлыққа машықтандыру.



Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім

Оқушыларды екі топқа бөлу. Топ басшыларын тағайындау.

Әр топты жоспармен таныстыру. Әр топқа карта беріледі. “Қазынаны тап” ойыны табиғат аясында өтті. Ойын уақыты 55 минут.

Берілген карта бойынша әр топ аялдап отырып, сұрақ-жауап, ребустар арқылы қазына іздейді. Мәреге жетіп қазынаны тапқан топ жеңімпаз болып анықталады.Әр топтың топ басшылары жреби тастау бойынша өзіне тиесілі топты таңдап алады .

Сәт сапар! оқушылар.

Ойын аяқталысымен жеңімпаз топты марапаттау.




Тақырыбы: Табиғат- туған анамыз

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта, табиғатты сүюге ,оны қорғауға, аялауға шақыру.

Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.Адамгершілікке, жауапкершілікке, елжандыққа тәрбиелеу.



Түрі: Проблемалық сабақ

Әдісі: топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ- жауап.

Іс- шара барысы: І Ұйымдастырушылық кезең

Кіріспе бөлім:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сеннен алып тұрғандай бар тынысын,- деп Жамбыл атамыз жырлаған.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі- табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты қолдану, экологиялық қатерден сақтану.

Табиғат –адамның күнкөріс көзі.

Сондықтан бүгінгі жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру жолдары түсінігімізді кеңейтуге арналмақ.

Ми шабу” сұрақтары:


  1. Табиғат дегеніміз не?

  2. Табиғатқа нелер жатады?

  3. Экология сөзінің мағынасы.

  4. Экология сөзіне түсініктеме беру.

    1. оқушы: Табиғат дегеніміз- тіршілік ортасы.

    2. оқушы: Табиғатқа жер,ауа, су, өсімдіктер мен құстар, жатады.

3-оқушы: Экология сөзін немістің атақты табиғат зерттеушісі Э. Геккель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорына қосты.

4-оқушы: Экология сөзі “тіршілік ету мекені” немесе”өмір сүрген орта туралы ғылым” дегенді білдіреді. Экология- қоршаған ортаның ластанбауын, адам өміріне зиян тигізбей таза болуын қарайды.



Негізгі бөлім:

Сынып оқушыларын топтарға бөліп , берілген тақырыптар бойынша үйден дайындалып келуге тапсырма беріледі.

Тапсырма: әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша өздерінің экологиялық проблемаларымен таныстырып, төсбелгілерін жасап келеді.

Жер тобы:Біз жерміз, Табиғатпыз. Жер қойнауына жыл сайын 100 млрд. тонна пайдалы қазбалар алады. Егін даласына 500 млн тонна минералды тыңайтқыш шашады, 30 млн тонна улы химикат пайдаланады. 9 млн тонна отын түрін жағады. Адамзат өз өмірінде 1,9 млрд га жерді шөлге, сазға, жыраларға айналдырып, құрдымға жіберген. Жылына 50-60 мың га жер шөлге айналды.

Адамдар Жерді дұрыс пайдалана алмайды.



Ауа тобы: Ауа –тіршілік көзі. Адамдар атмосфераға 20 млрд тонна көмір қышқыл газы, 700 млн тонна әр түрлі қосылыстар тастайды.

Осыдан көптеген экологиялық проблемелер туындайды.

Мәселен: Атмосфералық жылыжайлық өзгеріс, қышқыл жауын-шашындар жаууы, т.б.

Су тобы: Су –баға жетпес табиғат байлығы. Жер планетансының ¾ бөлігін су алып жатса, тұщы су үлесі 2.5 пайыз ғана. Тұщы су барлық тіршіліктің негізі.

Дүние-жүзілік мұхитқа жылына әр түрлі қоспа ретінде 6,5 млн тонна фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын түседі екен. Сондықтан мұхиттың көмірқышқыл газын жұтып, оттегі шығару мүмкіндігі азайған.



Өсімдіктер тобы: Біздің планетамызда 500 мыңдай өсімдіктің түрі белгілі. Өсімдіктің адамға тигізетін пайдасы зор. Жер бетінде өсімдіктің 30 мың түрі жойылып кеткен., 24 мың түрі жойылудың алдында.Қазақстанда орман 3 пайыз терреторияны алып жатыр. Адам Жер планетасындағы орманның 60 пайызын қырқып тек 5 пайызын ғана қайта отырғызған.

Жануарлар тобы: Табиғатта жануарлардың 2 млн жуық түрі бар. Жануарлардың табиғаттағы рөлі маңызды. Қазақ даласында киік, қарақұйрық, т.б адам әрекетінен жаппай қырғынға ұшырап отыр. Жер бетінде жабайы жануарлардың 106 түрі түрі мүлдем жойылып кеткен. Мұның басты себебі аңшылық емес, жануарлардың табиғи өмір сүретін ортасын өзгертіп жойып жібергені болып отыр.

(Осы жерде әр топ өздерінің төсбелгілерін қорғайды.)

Әр топтың проблемасын тыңдаған соң сынып болып шешім қабылдайық.

Қабылданған шешім:



  1. Осы күннен бастап табиғатты қорғауға ат салысайық.

  2. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау үшін шаралар ұйымдастырылып, олардың орындалуы қадағалансын.

  3. Мектеп әкімшілігіне мектепте “Табиғат достары” атты үйірме ашылсын деген ұсыныс айтылсын.

Қорытынды бөлім:

“Табиғат- туған анамыз” тақырыбында ой бөлісейік.



Мұғалімнің қорытынды сөзі: Адамзат дүниеге келмес бұрын табиғат жаратылған. Табиғаттан нәр алсын деп адамды жаратқан. Өзіміздің анадай аялаған туған жердің тұнық табиғатына сүйіспеншілік ілтипатпен қамқорлық жасап,қорғау әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Осы сабағымызды мынадай өлең жолымен аяқтағым келеді:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.

Ей, адамзат! Ақылға сал,қатыгездік жасама,

Өзің-дағы содан туған-табиғаттың ұлысың!




Тақырыбы:«Білімді де, білікті»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеріп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Барысы:

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.



1 – кезең:«Логиканы дамытайық». Әр топқа логикалық сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

Сұрақтар:

І – топтың сұрақтары:



  1. Арыстан неге шикі ет жейді? (Ешкім пісіріп бермейді)

  2. 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма? (тең)

ІІ-топтың сұрақтары:

  1. Үлкен кәстрөлге не сыймайды? (адамның өзі)

  2. Тауық бір аяғымен тұрғанда 4 кг, ал екі аяғымен тұрғанда қанша кг болады? (4 кг)

ІІІ-топтың сұрақтары:

  1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Толып тұрған)

  2. Қандай жолмен адам еш уақытта жүре алмайды? (Құс жолымен)

ІҮ –топтың сұрақтары:

  1. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ тастар)

  2. Ыстық су құйылған қалың стакан мен жұқа стаканның қайсысы сынады? (қалың стакан)

2- кезең:Сөз құрастыру ойыны. Сөздер беріледі, сол сөзден әріптердің орын ауыстырып басқа сөздер құрастыру.

1) Дала Қозы

Атақ Мақал

2) Намаз Сарай

Қора Есік

3) Адал Қалам

Тақа Озық

4) Заман Райса

Орақ Ескі
3-кезең:Жалпы қазақ халқы өте ырымшыл халық. Сондықтан да балалар ырымдар мен тыйымдарды ұмытпай жүрейік. 3- кезеңде ребустарды шешу арқылы ырым немесе тыйымдарды оқи аламыз.

І-топ. Ребустың шешімі: «Пышақтың жүзін көкке қаратпа»

ІІ-топ. Ребустың шешімі: «Сүйекті отқа салма»

ІІІ – топ. Ребустың шешімі: «Ескі сыпырғышты отқа жақпа»

ІҮ-топ. Ребустың шешімі: «Балтаны аттама».

4-кезеңСонымен қатар қазақ халқымыздың ата заманнан келе жатқан салт – дәстүріміз баршылық. Осы кезеңіміз салт – дәстүрге байланысты. Сұрақ – жауап сайысына кезек келді.

І – топтың сұрақтары:

1) Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

2) «Тұсау кесу» туралы не білесің?

ІІ-топтың сұрақтары:

1) Ұлттық ойындарды ата

2) Келін түсіру туралы не білесің?

ІІІ-топтың сұрақтары:

1) Қазақтың салт – дәстүрлерін ата

2) «Шілдехана» туралы не білесің?

ІҮ –топтың сұрақтары:

1) Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ата

2) «Сүндет той» туралы не білесіңдер?

5- кезең:

Шығармашылық қабілеттерін тексеру. Берілген ұйқастарға өлең шумағын шығару.


  1. Шақырған 2) Көңілді 3) Билейді 4) Шығып

Жайнаған Төгілді Күледі Орманға

Батырдан Шашылды Ойнайды Жетіп

Отырған Жүгірді Секіреді Аңдарға

6-кезең:Ең үздік жаңылтпаш айтушы. Берілген жаңылтпашты кім тез, әрі дұрыс айтады.

1) Шымдай шытырмыш

Ол шытырмышты

Мен шым – шытырмыштай

Кім шым – шытырмаштайды?

2)Арқада алты арқар бар,

Қырқарда қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар

Алты арқарда марқа арқар бар.

3) Шалабай шыш Шалағай,

Шалағай шыш Шалабай

Шақша басы шарадай

Шарадай шала Шалабай.

Сөз кезегін әділ қазы алқасына береміз.

Бүгінгі сайыстың жеңімпаздарын анықтадық.

Осымен сайысымыз аяқталды. Ұйып тыңдағандарыңызға рахмет.



Тақырыбы: «Қош бол, менің лагерім!»



Мақсаты:“ Күншуақ” лагерінің қортынды жұмысын шығара

отырып оқушылардың үйренген өнер-білімін ортаға салу.



Жоспары:

І. Мотивациялық кезең.



    1. Оқушыларды түгендеу.

    2. Амандасу рәсімі.

    3. Таңертеңгі жаттығу.


ІІ. Теледидар көру, дойбы ойнау.

ІІІ.Шағын концерт.

Армысыңдар құрметті көрермендер!

Сіздер бүгін Күншуақ демалыс лагерінің жабылуына арналған шағын концертімізді тамашалап отырсыздар.

Неткен қызық балалық шақ,

Ойнаймыз да күлеміз.

Әр бір атқан нұрлы таңға,

Шаттықпенен қараймыз.

Біз балдәурен шағымызда,

Бұл өмірге құштармыз.

Ұстаздардың көмегімен

Алысқа самғап ұшамыз.


  1. Қазір сіздердің алдарыңызға Бақытбек Нұрсұлтан орындауындағы әнін ұсынамыз.

  2. Ал енді қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

  3. Келесі кезек ойынға беріледі. Қатысушылардан 2 оқушы.

  4. Анашым” әнін Құрман Ділназдің орындауында

қабыл алыңыздар.

  1. Ал енді Асанов Серік “Біздің лагерь тамаша” атты тақпағын оқып береді.

  2. Қазір сіздердің назарларыңызға көрініс.

  3. Келесі ойынға да кезек берейік.

  4. Ал енді Темірбек Аминаттың орындауында“Туған күн” әнін қабыл алыңыздар.

  5. Енді лагерге байланысты оқушылардың шағын өлеңдерін тыңдайық.

  6. Сіздердің алдарыңызда көрініс тамашалаңыздар.

  7. Анашым” әнін  Құрман Нарғыздың орындауында тамашалаңыздар.

  8. Анашым”, “Тәрбиеші”тақпақтары.

  9. Көрініс тамашалаңыздар.

  10. Оспан Дәрияның орындауында “Дос туралы жыр” әнін қабыл алыңыздар.

  11. Келесі тамашалайтындарыңыз шығыс биі.

  12. «Флешмоб» тамашалаңыздар.

Хор: “Әрқашан күн сөнбесін”әні

Осымен біздің “Күншуақ”демалыс лагерінің оқушылармен дайындаған шағын концерті аяқталды.

Тамашалағандарыңызға көп рахмет

Тақырыбы: Кітап оқу гинесі

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген ұқыптылығын нығайту, кітапты

қастерлей білуге тәрбиелеу



Жоспары:

І.Мотивациялық кезең.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Амандасу рәсімі.

3.Таңертеңгі жаттығу.

-Балалар, кітапты неден жасайды?

-Қағазды қайдан алады?

-Алашқы қағаз бамбук жапырақтарынан,тұт ағашының қабығынан жасалған.Жұқа парақтарын жасау үшін көптеген адамдар еңбек етеді

-Ағаштан тағы қандай заттар жасалады?

-Үй жабдықтары: парта, үстел т.б.

-ендеше біздің оқулығымыз да, киетін киімдеріміз дежер анадан шығады. Табиғат байлығының бір көзі-ағаш өсіруді, оны қорғауқға,кұтуге әрқашан көмектесіңдер

Кітапты сүйе біліңдер және көп оқыңдар.Кітапты жыртпай кірлетпей таза ұстаңдар.
Әдеби монтаж
Енді балалар кітаптар туралы мақал-мәтел айтайық.

Жұмбақ шешу.

Теңіздей түбі терең

Сүңгіген жетер әрең (Білім)


Үндемес серік, ақылы берік (Кітап)
Тілі бар да үні жоқ

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар қаны жоқ

Сөйлеп туған ішінен (Кітап)



Кітап оқу (минутқа жарыс түрінде) және кім осы бір жыл бойы неше кітап оқыды.Жеңімпазды анықтау.

Балалар тізімі:


  1. Құрман Ділназ

  2. Құрман Нарғыз

  3. Абденова Жанель

  4. Оспан Дәрия

  5. Бақытбек Нұрсұлтан

  6. Асанов Серік

  7. Мырзақұл Тайлан

  8. Қадырбердиев Ербол

  9. Темірбек Аминат

  10. Темірбек Шейхисмайл

  11. Темірбек Шейхислам

  12. Джазина Айгерім

  13. Қожабекова Айбаршын

  14. Капсалям Қуаныш

  15. Жандос Аян

  16. Турсынбеков Олжас

  17. Қабыл Аружан

  18. Баймуканов Саят

  19. Ахмедияров Даулет

  20. Аятханов Асхат

  21. Амирбаев Аманжол

  22. Амирбаева Айшолпан

  23. Амирбаев Қанағат

  24. Ержан Имангали

  25. Алданғор Нурай


Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагері

2015 жыл

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Табиғат- туған анамыз»

Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: “Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ”

Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Көңілді саяхатшылар»

Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: Табиғат аясында

Жауапты: Оспанова Г.М.


2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: Саябаққа саяхат

Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Қош бол, менің лагерім!»


Жауапты: Оспанова Г.М.

2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Білімді де, білікті»




Жауапты: Оспанова Г.М.


2014-2015 оқу жылы

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жоспары

Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»




Жауапты: Оспанова Г.М.


2014-2015 оқу жылы
Каталог: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> «Менің тұңғыш Президентім» (1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгіме) Мақсаты
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе
887344EE9999D2F9 -> Бекітемін: Астрахан №1 орта мектебі директоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет