Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#5706
  1   2
Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы 

«Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары

2014-2015 оқу жылы




Реті


Өткізілетін  іс-шаралар


Мерзімі


Жұмыс түрлері


1.

II кезеңнің ашылуы.

Концерттік бағдарлама.




22.06.15.

  

Салтанатты жиын.

Құттықтау. «Ән шашу».



2.

Кітап оқу гинесі



23.06.15.

Кітапханаға бару.

Сайыс жеңімпазын анықтау.Марапаттау.




3.

«Табиғат- туған анамыз»



24.06.15.

Ой бөлісу

Топпен жұмыс




4.


«Көңілді саяхатшылар» әңгіме



25.06.15.

Әңгіме айту.





5.

“Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ”

26.06.15.

Топтық сайыс



6.

«Ертегілер еліне саяхат»

Ерте, ерте, ертеде...






29.06.15.

«Қазақ халық ертегілері». Мульттоптама көру.


7.

 

Табиғат аясында
“Қазынаны тап” ойыны


30.06.15.

Экскурсияға шығу.




8.

«Білімді де, білікті»

 



01.07.15.

Сайыс жеңімпазын анықтау.Марапаттау.




9.


Саябаққа саяхат.



02.07.15.

 

Саябаққа саяхат жасау


10.


«Қош бол, менің лагерім!»




03.07.15.

Кезеңнің жабылуы.
Концерттік бағдарлама.

                                            Жауапты мұғалімдер:  Оспанова Г.М.

Өтениязова А.А.

Койбагарова А.С.



Астрахан №1 орта мектебі

Топтың аты: «Қызғалдақ»

Ұраны:

Қызғалдақ тобымыз

Жазылмайтын жұбымыз,

Көркі болса гүл жердің

Біз лагердің гүліміз,

Бойында өнер тасыған,

Ән мен күйі шалқыған.

Тынығамыз мейрамдап,

Шынығамыз сайрандап.


«Күншуақ»

демалыс лагерінің құрылымы

2014 – 2015 оқу жылы.

Р/с


Аты – жөні


Қызметі


1.

2.

3.



4.
5.

6.

7.



8.

Балабаева С.А.

Казанбаева А.А.

Оспанова Г.М.

Отениязова А.А.

Койбагарова А.С.

Курганбаева П.Ж.

Рахман Ә.

Кусаинова С.М.

Ибрагимова А.М.


Мектеп директоры

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Лагерь жетекшісі

Көмекшілері


Психолог

Дене шынықтыру мұғалімі



Медбике

Музыка мұғалімі



/ Лагерьдің ашылу салтанаты/
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар !
Бүгінгі мектеп жанынан ашылып отырған «Күншуак» күндізгі тынығу лагеріне қош келдіңіздер!
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
(Гимн ойналады.)
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
Құттықтау сөз кезегін мектеп директорына береміз.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар

Хор: «Біз бақытты баламыз!»


Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді 

«Айгөлек» әні. 
Қабыл алыңыздар!


Би билейік қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
«Орыс биі». 


Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген

«Өзбек» биі.

Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің

« Атамекен » әні.
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Ән: «Ертегілер».
Ертегіден қойылым. 
«Жабайы қаздар» ертегісі.


Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
Хор: «Ризамын»


Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Флешмоб» биі.
Өнерлі жастарды қошеметпен қарсы алыңыздар!

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.
«Ақ мамам»әні.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқы, тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Би «Наурыз шашу»

Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

«Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына береміз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
(Балаларға тәттілер тарату.)

«Ертегілер еліне саяхат»

Ерте, ерте, ертеде...


  1. Мақсаты:Балаларды өнерге деген сүйіспеншілікке баулу.Эстетикалық тәрбиелеу арқылы танымдылық қабілеттерін арттыру.Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.Лагерьдің бұл күнінде балалармен жолда жүру ережесін еске түсіріп оны сақтау керек екендігін екерту. Балаларға арналған қызықты мультфильм көрсетілді.Балалар зейін қойып көріп көңілді отырды. Мультфильмнің тақырыбы « Үш батыр».Орыс халқының ертегісі. Мультфильм қызықты болды. Мультфильм аяқталған соң балаларға сұрақ-жауап қойып, мультфильм туралы пікірлерін тыңдадық. Балалар «Үш батыр» мультфильміндегі кейіпкерлер туралы өз ойларын айтып өтті. Бұл күнде басқа күндер сияқты қызықты өтті.

Дөңгеленіп төбеден

Күн сәулесін төгеді.

Жарқын жаздың не деген

Кереметі көп еді.

2. Музыкалық саяхат «Көңілді ноталар»

Мақсаты: Балалардың музыкалық – эстетикалық білімдерін кеңейту.

Қазақтың ұлт – аспаптары, ақындық өнері туралы ой – өрісін дамыту.

Музыкалық шығармаларды тыңдап, рухани – жан дүниесіне әсер ету.

- Балалар, біз бүгін сендермен саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол үшін сендерге бірнеше сұрақтар қойғымыз келіп отыр.

1.Оқушылардың музыкалық ноталарды атап өтуі.

- Қазақтың ұлттық аспаптарын атау.

- Қазақтың атақты күйші, әншілерін атау.

- Айтыс дегеніміз не? Айтыс түрлерін атау.

- 2. «Көңілді ноталар» саяхат жүргізу.

- Әр өлең жолдарының алғашқы ноталарын орындау арқылы сол әннің атын табу.

- Сол әннің орындаушысын атау.

3. Қорытынды.

- Балалар, бүгінгі өткен саяхатымыз ұнады ма?

- Осы музыкалық саяхаттан алған әсерін әркім өз білетін өлеңдері арқылы жеткізу.
«Көңілді саяхатшылар» әңгіме

Мақсаты: Елімізге саяхат жасау. Балалардың білімдерін арттыру.

Еске сақтау, белсенділік қабілеттерін арттыру.

Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слаид шоу, суреттер, нақыл сөздер, карта.

Саяхаттың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды саяхатқа шығуға дайында

  2. Балалар, біз бүгін сендермен мемлекетке саяхатқа аттанамыз. Бәріміз ең алдымен Алматы қаласына аттанамыз. Алматының көрікті жерлерінің суреттерін, ескерткіштермен, оқу орындарымен таныстыру.

  • Екінші саяхатты Оңтүстік Қазақстан жерлерінен бастайық. Облыстарын картадан көрсету. Әсем, көрікті жерлерінің суреттерін, ескерткіштермен, оқу орындарымен таныстыру.

  • Солтүстік Қазақстан жерлерін картадан көрсетіп, қалаларын атау, көрсету. Көрікті жерлеріне саяхат жасау.

  • Орталық Қазақстанның орталығы Қарағанды қаласы екенін балаларға жеткізу. Ескерткіштерін, мұражайларын, әсем сауда үйлерін, оқу орындарын көрсету.

  • Батыс Қазақстан облыстарының қалаларымен таныстыру.

Ең соңында еліміздің астанасы Астана қаласымен таныстыру. Оқушыларға Астана қаласының символы Бәйтерек жайында слаид шоу көрсету.

Қорытындысында балалар қалалар туралы білетін тақпақ, өлеңдерін айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет