Ақсу негізгі мектебі Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі



Дата15.09.2017
өлшемі259,23 Kb.
#33772
Ақсу негізгі мектебі

Ақсу негізгі мектебі






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Кокашева А.Е

2017 жыл
«Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым аман-саумысың?!»

Мақсаты: Үлкеннен өнеге алу, құрмет тұту, өз жетістіктерімізбен қуанту.

Көрнекілік: Даналық сөздер, гүл, шарлар, музыка.

Жүргізуші: Дүниеге келер бір рет

Дария – кеуде, тау мүсін.

Құрыштан құйған, құдірет –

Қарттарым аман-саумысың.

Өздерің болсаң жанымда

Ел іші жомарт еңселі

Дән иісі жүрген қаныңда

Даламның бір-бір бөлшегі.

Қайырлы күн, қадірменді аталар мен әжелер! Армысыздар құрметті қонақтар. Қазақ айының басымен қатар келетін қарттар мерекесі құтты болсын! Алтын ұя – білім ордасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сіздерге арналған салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Осында отыр көп қауым,

Кәрі де жас та кеп отыр.

Әрқайсысы тың тыңдап

Мәнді өтсін деп отыр

Ниетке де көп рахмет,

Берсін алла берекет! – дей отыра алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы Талғат Есімұлына береміз.

Бүгінгі кездесу жай ғана кездесу емес, қымбат кездесу деп те атауға болады, өйткені сіздердің алдарыңызда сіздерді құттықтауға өздеріңіздің немере-жиендеріңіз келіп отыр.

Құлныңдаймын асыр салған албарда,

Қозыңдаймын ойнақтаған албарда

Өзің барда қысылмаймын күлуге

Жылауға да қысылмаймын сен барда - деп келесі сөз кезегін оқушыларға береміз.

1-оқушы: Жақсы көрем қасын да,

Қардан аппақ шашын да.

Қорықпаймын ешкімнен

Атам жүрсе қасымда



2-оқушы: Менің әжем гүл әжем,

Күн шуақтай нұр әжем.

Таяғыңа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.


3-оқушы: Әжем менің шежіре

Көп ертегі біледі.

Сыртта жүрген кезінде,

Бізді ойлап жүреді.



4-оқушы: Әрбір айтқан ақылын

Жүрегіме сақтаймын

Ертегісін тыңдамай

Ұйқыға мен жатпаймын.



5-оқушы: Атам жүзге тақалды,

Ұрыспайды ұстасам

Аппақ қудай сақалды.

6-оқушы: Оқуда озат атанам

Орындалса тілегім

Мен үшін жан апамның

Мақтанарын білемін.



7-оқушы: Әжем менің асыл адам қымбатты,

Бір мен үшін сұлу ғажап сымбатты.

Әжем менің құшақ жайып аймалап,

Туған күннен еркелетіп сол бақты.


Жүргізуші: әдемі өлең жолдарын әнмен жалғастырамыз.

Ән «Асыл әжем»

Жүргізуші: Шуақты күнді көп көрген,

Жүрегі терең көк көлден.

Перзенті үшін шырылдап,

Түн ұйқысын төрт бөлген

Ападан артық жан бар ма? – деген әдемі өлең жолдарын айтсам, біздің оқушылар Аталарын да мақтан тұтып былай дейді:

8-оқушы: 1.Атам менің жақсы адам,

Аптықпаған, саспаған.

Атам барда әрине,

Тарықпаймын ақшадан

2. Атам менің жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Ағамды да мені де

Артық көреді басқадан.



3. Атам менің жақсы адам,

Жетпіске тола бастаған.

Алтын қойма секілді,

Құпиясын ашпаған.


4. Атам менің асыл жан,

Құшағы нұр шашпаған.

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.



9-оқушы: Аялайды мейірімді көзімен,

Қамқорлығын жүрегіммен сезінем.

Әжем менің, асыл әжем өзіңіді,

Ойлап жатып көз ілем. – деген әдемі өлең жолдарын әнімен жалғастырамыз.



Ән «Әжетайым»

Би. Өзбекше

10-оқушы: Асқар тауым ақылгөйім ғұлама,

Аспандай мәңгі жаса, құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды.

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы ана.



11-оқушы: Тұра тұршы есейгенше ұл қызың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған бақыт неге керек ата-әжеау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын.



Ән: «Қариялар азайып бара жатыр»

11-оқушы: Асыл менің апашым,

Мен деп күйіп, жанасың.

Қай теңеуге сияды

Немереңе қарасаң.



Би. Қазақша

Жүргізуші: Арайлы таңың атты деп,

Жүректен айтар ақ тілек.

Күлімдеп саған қашан да,

Тұратын саған бақ тілеп.



Қарттардан артық жан бар ма? – дегендей,үлкен ата-әжелерімізден тілек алсақ, «Аталы сөз, баталы сөз» дегендей ендігі кезекте құрметті ата-әжелеріміз бүлдіршіндерге баталарыңызды берсеңіздер.

Ән: «Ауыл қарттары»

Жүргізуші: Құрметті ата-әжелер, қонақтар, осымен сіздерге арналған «Құрыштан құйған құдірет, қарттарым аман-саумысың» атты шағын салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет