Ақсуат негізгі орта білім беретін мектебі Тақырыбы: «Энергия сақтау – бұл біздің үйдегі жайлылық»



Дата25.12.2021
өлшемі165,57 Kb.
#105158
түріСабақ
Байланысты:
0013fda3-6018c296


Ақсуат негізгі орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:

«Энергия сақтау – бұл біздің үйдегі жайлылық»


Тәрбие сағатының тақырыбы

“Энергия сақтау – бұл біздің үйдегі жайлылық »


Күні:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға энергия үнемдеу туралы түсінік беру, сонымен қатар энергияны үнемдеу керектігін ұғындыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Электр энергиясы туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Электр энергиясының тиімділігін біледі

Кейбір оқушылар:

  • Электр энергиясының жұмсалу ретін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


- Оқушылармен 3 тілде амандасу.

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Здраствуйте дети?

Good afternoon children

Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын. Оқушылар бәріміз, ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі жылы сөздермен жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен жымиған көзімізбен жеткізейік.



-Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісін, сыпайысың, еңбекқорсың т.б.
-Жарайсыңдар, оқушылар!әрбірің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Бүгін біз сабағымызды құпияларды ашуға саяхатқа шығамыз. Құпияларды ашу үшін түрлі кедергілерден өтуіміз қажет. Ол үшін барлық білетінімізді, оқығанымызды, естігенімізді, көргенімізді еске түсіре отырып кедергілерден өтуімізге тура келеді. Біз кедергілерден өте аламыз ба? (Оқушылар жауап береді)



Онда жолға шығайық.

Ең бірінші кедергі «Жұмбақтар әлемі»

Жұмбақ шешуін табу арқылы сөзжұмбақта жасырылған сөзді табу.

1.Топырақты асаймын,

Тау да, сайда жасаймын. (Экскаватор)

2. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

3. Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

4. Тең, тең, тең киіз,

Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)

5.Әрі итерсең – аунайды,

Бері итерсең – аунайды.

Түрі-түсі түгелдей,

Табиғаттан аумайды. (Глобус)

6.Арқасында киіз бар,

Қарағайдай мүйізі бар. (Киік)

7. Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)



Жасырылған сөзді бірге оқимыз. (Энергия)

.


Ортасы

М Екінші кедергі «Ой жинақтау»

-Балалар сіздер энергия туралы не білесіңдер?

Энергия сөзі туралы білетінімізді жинақтап мына берілген Күн нұрларына түсірейік. Ал білгіміз келетінін бұлттарға жазып қалдырайық.

Энергия (гр. energeіa – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші.

«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді.

Үшінші кедергі «Есіңде сақта»

Балалар энергия туралы біз көп нәрселерді білеміз. Сондай-ақ білмейтінімізде көп екен. Энергия оның түрлері, жаңаша энергия көздері, ЭКСПО -2017 «Болашақ энергиясы» табиғаттың байлығына жататын энергия да үнемдеуді талап ететіні туралы білгілерің келе ме?

«Энергия патшалығы» туралы ертегімен тансымыз.

Ерте, ерте, ертеде Энергия патшалығының екі ұлы болыпты. Бірі Потенциалдық энергия, екіншісі Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия денелердің немесе дене бөліктерінің өзара алмасуынан пайда болады. Кинетикалық энергия дене қозғалысқа түскенде пайда болады.

Ол елдегілердің барлығы энергия күшімен жұмыс істейді және өмір сүреді екен.Олардың өздерінің елге қызмет ету міндеттері бар екен. Олар өз міндеттерін дұрыс орындап,елге қызмет етеді екен.

Заводтар мен фабрикалардағы станоктар мен машиналар жұмыс істеу үшін, оларды электр двигатальдері қозғалысқа келтіруі керек, ал электр двигательдері электр энергиясын жұмсайды. Автомобильдер мен самолеттер, тепловоздар мен теплоходтар жанғыш отын энергиясының, гидротурбиналар биіктен құлап аққан судың энергиясын жұмсау арқылы жұмыс істейді. Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеу үшін өз энергиямыздың қорын тамақ арқылы ауық - ауық жаңартып толықтырып отырады. Бұл елдің адамдары энергияны үнемдеуді де жақсы меңгерген еді. Бұл елде адамдар көбейген сайын патша ұрпақтары да көбейіп, өсіп-өне бастайды. Өмірге келген ұрпақтарына Жел турбиналары , Геотермиялық энергия ,Гидроэлектр, Толқын энергия, Қысылған отын бөлшектері тағы басқа да балалары қатарға қосылыпты. Оларда үлкендер сияқты өздеріне жүктелген міндеттерін орындап елге қызмет ете бастапты. Бұл елдің адамдары энергиядан еш тапшылық көрмей, бақытты өмір сүріпті.

Төртінші кезең «Нені білуім керек?»
2017 жылы Астана қаласы ЭКСПО көрмесін өткізуге бел буды. Бұл – энергетика болашағы мен болашақ энергиясы мәселелерін талқыға салудың ерекше сәті. Бүкіл әлем үшін қазып алынатын отын түрлерінен жаңартылмалы энергия көздеріне өтетін уақыт келген сияқты. Сөз жоқ, ЭКСПО-2017 жаңа мүмкіндіктер туғызатын баламалы болашаққа ашылған жол.

Еліміздің географиялық жағдайы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Алайда, қазір іске қосылған төрт станция небәрі 10 мегават қана энергия өндіреді. Бұл ретте әлемдік қауымдастыққа «ЭКСПО»-ны өткізу үшін «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынған Қазақстан тек елде ғана емес әлемдегі ең өзекті, тіптен өмірлік маңызы бар мәселені көтеріп отыр. Симпозиум барысында сондай-ақ климаттың өзгеруі, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігі және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларын қаржыландыру мәселелері талқыға түсті


Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – «әлеуметтік-экономикалық» және «экологиялық тұрақты» – энергияны тұрақты даму мәнмәтінінде пайдалану туралы ойлану нәтижесінде қалыптасады.
Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдарды келесі түрде жалпылауға болады:
• Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.

• Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану.

• Көлікті электрлендіру.

• Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі.

• Энергиямен қамтамасыз етілгендік.

• Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі.


Қоршаған ортаға қатысты:

• Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері.

• Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі.

• Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп-қатері.

• Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.

Бұл мәселе көліктерімізді энергиямен жабдықтауда, үйлерімізді жылытуда және қалаларымызды жарықтандыруда пайдаланатын азды-көпті дәстүрлі қуат көздерінің үдемелі ескіруі, толығу мүмкіншілігінің жоқтығы және оларды пайдаланудың біздің планетамызға, денсаулығымызға және қауіпсіздігімізге күрделі әсер етуі сенімсіздік пен қамкөңілдік тудыратын кезеңде әсіресе өзекті болып табылады.




Оқушылар сұрақтаға жауап береді.


Аяқталуы

Жақсылықпен кәрі-жастың күйін біл,

Сөз ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір

Есендікте ізгілік ет, тарылма

Қазына үлес, жарылқа Һәм жаңылма







Кері байланыс

қолмен қөрсету арқылы балар сабақты қорытындылайды.

Тренинг: “Соғылған шапалақтар”

-Өзің үшін 1 рет

-Досың үшін 2 рет

-Сыныбың үшін 3 рет

-Күлкіміз үшін 4 рет

-Көтеріңкі көңіл – күй үшін көп рет шапалақта





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет