Ата-аналар жиналысы Жүргізуші



Дата08.09.2023
өлшемі15,96 Kb.
#180516
Байланысты:
ата аналар жиналысы


Ата-аналар жиналысы

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Шиелі индустриалды –аграрлық колледжіне қош келдіңіздер! Бүгін 2022-2023оқу жылындағы бірінші жартыжылдықты қорытындылау және де білім алушылардың қысқы демалысқа шығуына байланысты тақырыптардықозғау мақсатында ата-аналар жиналысында бас қосып отырмыз.
Жүргізуші: Алғашқы сөзді колледж директорының міндетін атқарушысы Дайрақұлов Бахтияр Таубайұлына береміз.
Сөз
Жүргізуші: Осы тұста білім алушыларымыздың дайындаған шағын концерттік бағдарламасына кезек берсек.
Жүргізуші: Мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты отбасының қасында өткізетін бақытты кезеңі- Балалық шақ. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентін адами қасиетпен сусындатып, халқын сүйер , еңбекқор, жанашыр бала болатындай етіп тәрбиелеу керек.

Олай болса Әбдеш Ерұланның орындауында сол отбасылардың ұйытқысы аналарымыз құрметіне арналған керемет әнді қабыл алыңыздар.


Ән «АнА»
Жүргізуші: Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Білі алушыларымыздың осы тақырып аясында арнайы дайындаған көрінісін тамашалайық.
Көрініс

Жүргізуші: Ана-сая болар бағың болса ,әке-асқар тауың дейді қазақта.№54оқу тобының білім алушысы Оразбек Нуриддиннің орындауындағы «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Біз жастарды қоғамға пайдалы іспен айналысуға,бос уақыттарын тиімді пайдалануға тәрбиелейміз және олардан үлкен үміт күтеміз. Колледж жастарының «флешмоб» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Көтермесе көңілді кір басады демекші келесі кезекті колледжіміздің әншісі Ерұланның көңілді әніне берсек.

Жүргізуші: Сен де кеттің,
Мен де кеттім,ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау,
ұят болды-ау
қауымнан!
… момын жұрттың, арқа сүйер,
азаматы біз едік. –
деп Мұқағали Мақатаев айтқандай,  күллі қазақтың тамыры ауылға деген сағынышты жеткізер ән «Ауылым» әнін Әбдуәлиев Дамирдің орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Уақыт болып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз.Қорытынды сөзді Дайрақұлов Бахтияр ағайға берсек .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет