Ата-аналар жиналысының хаттамасы Хаттама №1



Дата20.01.2023
өлшемі18,19 Kb.
#165961
Байланысты:
Хаттама 2 А сынып


Ата-аналар жиналысының хаттамасы


Хаттама № 1
03.09.2022 ж.
Сынып: 2 «А»
Сынып жетекшісі: Жүнісова Шарбат Қуатқызы
Барлық оқушы: 25
Өтілген орны: 224 каб
Өтілген уақыты: 14:00-15:00
Жиналысқа қатысқан ата-аналар: 20


Күн тәртібінде:

    1. «BINOM EDUCATION» ЖШС «BINOM SCHOOL – "Тұран" мектеп-лицейі» мектебі туралы ақпарат беру;

    2. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру;

    3. Ата-аналар комитетін сайлау;

    4. Мектебімізде тегін жүргізілетін үйірмелер тізімімен таныстыру;

    5. Қоңырау, сабақ кестесімен таныстыру, пән мұғалімдерімен таныстыру;

    6. Қашықтықтан оқу кезінде ONLINEMEKTEP платформасы;

    7. Ата-аналармен сұрақ-жауап.

Ақпарат берген: 2 «Г» сынып жетекшісі: Жаулыбай Гүлзат Нұржанқызы
Тыңдалды:

  • Сынып жетекші өзін таныстырып өтті. BINOM SCHOOL «Тұран» мектеп-лицейі туралы бейнебаян көрсетіліп, таныстырылды.

  • Ата-аналармен оқушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, ішкі тәртіп ережесімен таныстырылды. Атап өтсек, жұмыс тәртібі, оқушы сырт келбетіне қойылатын талаптар, мінез-құлық ережелері, оқушылардың жауапкершілігі, көтермелеу, сабақты қалдырмау ережелері туралы айтылды.

  • Ата-аналар комитеті сайланды. Комитет төрайымы: Шакеева Жанар Жолмырзаевна.

  • Мектепте тегін жүргізілетін үйірмелер тізімі және олардың жетекшілері туралы айтылды.

  • І-тоқсанды ұйымдастыру, яғни, сабақ кестесімен, қоңырау кестесімен, пән мұғалімдерімен таныстырылды.

  • Үйірмелер туралы сұрақтар көп болды және ата-аналар ағылшын, ұзартылған топ ашуды т.б үйірмелер болса деген ұсыныстарын айтты.

  • Жиналыс соңында ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп әкімшілігін қолдады.

Қорытынды:

  1. Мектеп ішкі-тәртіп ережелерін сақтау.

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет