Ата-аналар комитетінің ережесі ата-аналар комитетінің негізгі мақсаты



Дата03.02.2023
өлшемі57,02 Kb.
#167370
Байланысты:
ата аналар комитеті
Мұғалім туралы жазылған пікірлер, СӨЖ 3, справка со школы каз рус

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Ата-аналар комитетінің негізгі мақсаты: Балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс–шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу. Мектептің ішкі-сыртқы тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру. Оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау
Ата - аналар комитетінің негізгі міндеттері: 1. Мектеп өмірімен тұрақты байланыс орнату; 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету; 3. Ата–аналар ұжымын құру; 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру; 5. Мектеп өмірінде өткізілетін түрлі тәрбиелік шараларға қатынасу, материалдық жағынан көмек беру; 6. Оқушы қауымының алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасау; 7. Ұстаздар қауымымен бірлесе қызмет ету; 8. Ұстаздар мен оқушылардың құқықтарын қорғау.
Ата-аналар комитетінің құқығы
- мектеп əкімшілігіне, өзін-өзі басқару ұйымдарына ақпараттар жөнінде нəтиже алу, оларды қарастыруға ұсыныс жасау;
- мектеп әкімшілігінен және өзін-өзі басқару ұйымдарынан ақпарат алу немесе оны тыңдау;
- топтардың ата-аналар комитетінің шешімдеріне сәйкес оқушылардың ата-аналарын өз отырыстарына шақыру;
- отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға сын айту;
- мектепішілік және т.б іс-шараларды өткізуге көмектесіп, белсенділік танытқан ата- аналарды марапаттау;
Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі
-комитет жұмыс жоспарының орындалуына;
-комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалуына;
-мектеп әкімшілігімен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыруға;
-қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қабылдануына;
-комитеттің жеке және барлық мүшелерінің әрекетсіздігіне;
-ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша комитет жұмысына қатыспаған мүшелері, сайлаушылардың шешімімен орнынан алынуына жауап береді;
Жұмысты ұйымдастыру
- жыл басындағы өтетін ата-аналар жиналысындағы өкілдер комитетке сайланады;
- комитеттің сандық құрамы өз еркімен анықталады;
- өз құрамынан комитет төрағасы сайланады (санына байланысты төрағаның орынбасарлары мен хатшылары сайланады)
- комитет мектеп директорының келісімімен жасалған жұмыс жоспарымен қызмет етеді;
- комитет өз жұмысы жөнінде жылына бір рет жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысында есеп береді;
- комитет отырысқа қатысқан тең жарты мүшелерімен шешім қабылдай алады. Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет