Ата-аналардың денсаулығы-баланың денсаулығы Орындаған: Жаңабек Ермахан



бет2/6
Дата03.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#156330
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана мен бала

Ана денсаулығы Республикада халықтың өсіп-өнуінің азаюы әйелдер денсаулығы жағдайының нашарлай түсу үрдісінің белең алуы аясында орын алуда. Әйелдер денсаулығының индексі 30%, ал кейбір аймақтарда 20% және одан да төмен көрсеткіш құрайды. Соңғы 5 жылда аяғы ауыр әйелдердің қаны аздығының жиілігі 1,5 есе, бүйрек аурулары - 1,3 есе, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары - 1,2 есе, ал тұтас алғанда экстрагенитальдық аурулар 1,7 есеге өскен. Денсаулықтың төмен индексі аясында жүктілік пен босанудың асқыну деңгейі жоғары, толғақтың 60%-і қандай да бір асқынумен өтеді, әрбір дүниеге келген мың нәрестенің 288-і ауру болып туады.



Жасыратын несі бар, сәби үстінде көз жұматын аналар бірен-саран болса да бар. Өлімнің туындау себебін тек қана акушер-гинеколог маманның қызметінен іздеу әділетсіздік болар еді. Жалпы ана өлімінің себептері акушерлік және акушерлік емес деп екіге бөлінеді. Акушерлік себепке преэкламсия, қан кету, түсік жасау кезіндегі асқынулар, ал акушерлік емес себептерге экстрагенитальдік аурулар, басқа да сырқаттарды жатқызуға болады. Егер әйелде қалқанша безі, өкпе қабынуы т.б. аурулар болса, бала туу ана өміріне үлкен қауіп туғызады.
Жүкті әйел дәрігерге тек босанар алдында көрінер болса, онда асқынулар салдарынан дәрігерлік көмек мардымсыз болып шығуы мүмкін. Барлық жасалған емдердің нәтижесі нәрестенің жатыр ішінде пайда болу ерекшелігіне тікелей байланысты.
Ана мен бала өлімінің алдын алу үшін оларға жедел хирургиялық көмек көрсету жұмысын, диагноз қою, емдеу тәсілдерін жаңартып, тәжірибеге жаңа жүйе енгізу керек. Ал жаңа жүйе енгізудің оңайшылықпен келмейтіні түсінікті.
Мүмкіндігінше жүкті аналарды есепке алып, көзден таса қылмауға тырысамыз. Облыс бойынша босанатын жастағы әйелдер саны 205 004-ті құрайды. Бала туу өміріне қауіп төндіретін әйелдер тобында 28,06 әйел бар. Осыған қарамастан өміріне қауіп төнетін әйелдердің 2180-інің аяғы ауыр, ал тууға болмайтын әйелдердің 10-ы жүкті, бұлардан дұрыс нәтиже күтуге болмайды. Егер дәрігердің ақыл-кеңестерін ескерсе, жүктілікті тоқтатып, қауіп-қатердің алдын алуға болар еді. Болмаса контрацептивтік дәрі-дәрмектерді пайдаланып, жүктілікті болдырмауға болады. Сол үшін бюджеттен арнайы қаржы да қаралған. Биылдың өзінде 22,780 әйел жүктіліктен сақтандыратын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Облыстық перинатальды орталықтардың жағ-дайлары жақсы, алдыңғы қатарда деуге негіз бар. Орталықтың көп бөлігі күрделі жөндеуден өткізілді, жаңа технологиялық құралдар енгізілді, осы құралдардың көмегімен босану кезінде әйелдерден қан кету бұрынғыға қарағанда екі есеге азайды. Әр әйел үшін жеке босанатын залдар жасақталды. Енді әйелдер бірінің үстіне бірі, бір жерде босандырылмайды. Босану кезінде, егер өздері қаласа, әйелдің күйеуі, жақындары, туған-туыстары қатыса алады. Орталықта «қауіпсіз ана болу», «жаңа туған балалар реанимациясы», «шала туған балаларды күту», «акушерлік қан кетулер кезінде шұғыл көмек», «жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» сияқты бөлімдер аналарға қалтқысыз қызмет көрсетеді. Жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі бойынша «қауіпсіз ана болу» мәселесі акушерия және гинекологияда бірқатар патологиялық жағдайлардың даму механизмі сарапқа салынады. Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрпақтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомда патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет