Отбасы - адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы. В.А. Сухомлинский
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық болады.
Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады.
1Барлық баланы жақсы көру керек. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш. 2. Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып қалай бар, солай қабылдап, түсіне білу крек. 3. Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.
Ынтымақтастықта тәрбиелеу
Үлгілі жақсы отбасының қасиеттері
Әр қайсысы өз борышын, парызын дұрыс орындайды.
Қуанышты жан тыныштығында өмір сүреді.
Отбасында бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік қағидалармен өмір сүреді.
Ынтымақтастықта тәрбиелеу
Баланы ақылға құлақ қоюшылыққа, қалай жеткізуге болады?
Баланың жүрегінде жоғары “мен” орын алған ол интуитивті түрде бәрін сезінеді.
Егер анасы оған өтірік айтып оны алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса , бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды. Егер анасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.
Баланы ақылға құлақ қоятын, тіл алғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастыққа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Отбасындағы береке әйелге байланысты. Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Егер отбасыңызда бақ, береке молшылық болсын десеңіз отбасыңыз тек қана өзінің ішкі қызығушылығымен ғана өмір сүрмеуі керек.
Отбасында ең басты орынды иеленеді.
Білімнің, даналықтың, тәртіптің іске асырушысы
Әке
Ер азамат – әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші
Олардың денсаулығына, біліміне кепілдік беретін адам.
Міндеті әйелге лайықты құрмет пен ізетті көрсету және олардың көз жасына қалмауға ұмтылу болып табылады.
Ер азамат өз отбасын қорғауы керек. Отбасының барлық мүшелері өздерін қауіпсіз сезінулері керек.
Сонымен қатар ер адам отбасындағы материялдық молшылықты қамтамассыз етуі керек.
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек.
Өте ерте жастан әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейірімнен , жылылықтан, ізгіліктен, сүйіспеншіліктен кенде қалады.
Үй анасыз иесіз қалғандай көрінеді
Ана өзінің міндетін басқаларға аудара салмауы тиіс (ата-әжесіне, күтушіге, балабақшаға)
Рухани ұстаз жай ұстаздан да он есе күшті ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды. Шығыс даналығы. Ананың борышы Ананың борышы – баланың бойына руханилық пен адамгершіліктің негізін салу.
Ананың парызы Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып, дамиды.
Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады.
Кешегі, бүгінгі, келешекте де ана бәрінің өзегі болмақ.
Ол балаларды қажетті рухани және моралдық дайындықпен қамтамассыз етуі тиіс.
Егер ана руханилықпен толыққан болса, ол балаға сәтті, жағымды әсер етіп олар да руханилықпен сусындайды.
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиет.
Отағасын риясыз құрметтейтін әйелдер асыл тастай бағалы, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады.
Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны болуы тиіс.
Қорыта айтқанда әр отбасында ата-ана өз міндетін дұрыс атқарса баланы дұрыс жолға саламын деп қиналмасада болады себебі бала дұрыс өмір сүруді ата анадан үйренеді. Баланың тәрбиелі болып өсуіне рухани отбасының тигізетін әсері мол.