Егер заңдылық барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар-дың лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың қызметтерінің конститу-циялық принциптері болып табылса ,әскери тәртіп –тек әскери басқару органдары қызметінің ғана принциптері. Заңдылықтан әскери тәртіптің айырмашылығы ол тек заң нормаларын орындауды ғана емес , сонымен қатар техникалық нормалар мен ережелерді, оның ішінде, заңдық сипаты бар ережелер мен нормаларды орындауды талап етеді. Мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде әскери тәртіпке жалпы қасиеттер тән.Сонымен қатар әскери ұйым мен әскери қарым-қатынас ерекшеліктерін ескере отырып әскери тәртіп төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Біріншіден: Әскери тәртіптің басқа мемлекеттік тәртіптен айырмашылығы –
әскери қызметшілерге қойылатын бұйрықты беру мен орындау
тәртібімен байланысты қатынастар,әскери сыпайылық ережелерін
белгілеу және сақтау,заң бұзудың алдын алу шараларын қабылдау сияқ-
ты талаптарды реттей отырып,әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс
ортада да таратылады,ал еңбек тәртібінің
ережелері жұмысшылар мен қызметкерлер-
дің жұмыс уақытында өз міндеттерін орын-
дау үшін ғана қажет.
Үшіншіден: әскери тәртіп басқа тәртіптерге қарағанда
ант,әскери жарғылар, Президент жарлығы мен Үкімет қаулысы,
Қорғаныс министірінің,басқа да әскери басқару органдары мен олардың
лауазымдық тұлғаларының бұйрықтары мен заң актілері жатады.Олар
әскери тәртіп талаптарын,оны ұстану жолдарын осы жолдарды
қолдану тәртібін белгілейді.
Ендігі кезекте сабағымызды жауынгер, жазушы, ұлттық рух пен патриотизмнің қайнар көзі, ұлт мақтанышы, абырой-ары, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлының шығармаларын арқау ету арқылы пайымдасақ
“ Офицер күнделігі”
“ Бір түннің тарихы”
“ Біздің семья”
“ Москва үшін шайқас”
“Жауынгердің тұлғасы”
“Майдан”
“Майдандағы кездесулер”
“ Генерал Панфилов”
“ Төлеген Тоқтаров”
“ Куба әсерлері”
“Ел басына күн туса”
“ Ұшқан ұя”
“ Адам қайраты”
Б. Момышұлының 30 томдығы
Әскери тәртіпті Б.Момышұлы былай түсіндіреді. “Тәртіп қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру: “Солдат болу оңай емес, басқаның еркіне мойын ұсыну жеңіл емес, бірақ сен бұйрықты, командыны сөзсіз орындауға тиіссің,тіпті бұйрық саған ұнамай тұрған күннің өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек”- деп жарғыдағы бұйрықтың талқыланбай орындалуын ескертеді.Ал,күш-қайрат ұғымы Б.Момышұлы сөзімен айтқанда: “ Қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі, алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, бұлшық ет күштерін жұмылдыру.” “Ерлік-табиғат сыйы емес, ең алды мен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, қауіп-қатеріңді бөлісіп, жауды барынша жою, жанға –жан, қанға –қан,аяусыз деп кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп –қатерге бас тігу”
“Бауыржан Батырдың Тәбәрік” Армия- мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардын қорғауға арналған ұйымдасқан, тәртіпті мемлекеттің Қарулы Күші,армияда адамның рухани күші мен қажыр қайраты, қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін,қатаң тәртіпке бағынады. Армия дегеніміз-ең саналы әрі парасатты адамдар тобы екенін түсіну керек.Әскерге жоғары,асқақ сезім,жалпы табанды ерік-жігер,тамаща ұйымшылдық,жоғары мінез –құлық тән. Ерік- өз бетінше дұрыс та,парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға қабілеттілік,яғни ақыл-ойдың сезімімен үйлесімді жұмысы,сезімнің ақыл-ойға бағынуы. Назар- ерік-жігердің алаңдаушылық күйі.Өзінің барлық болмысымен құбылысты тану,қабылдау және міндеттерді айқындау мақсатымен мида қорытуға көңіл аудару. Ынтасыздық-әр түрлі себептермен ерік жігердің босаңсуы,жинақсыздығы тұрақсыздығы. Салақтық-істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі,нашарлауы,божырауы. Күш,қайрат-қажыр-қайраттың,ерік жігердің тас түйіндей түйелуі,алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ойға,жүйке,бұлшық ет күшін жұмылдыру.. Табандылық-барлық күш –қуаттың арту ширығу күйі,сәтсіздіктің тақсіретін басу,белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу. Өзін-өзі ұстай білу-ақыл-ойды,ерік-жігерді, құлшынысты, сезімді өз еркіне бағындыруға,адамның бұл қасиеттерін ұрыс жағдайына байланысты тең пайдалана білуге,сабырлы әрі парасатты шешім қабылдауға қабілеттілік. Инициатива,бастаманы қолға алу – әркімнің өз қалауына, еркіне қарай, жауапкер-шілікті өз мойнына алып,әрекет ету қабілеті.
Батылдық –қатаң түрде атқаратын қызметіне ,әскери атақ ,шеніне, міндеттерді орындау мақсаттарына сәйкес ұрыс даласында өзін алып жүру қабілеті. Әдетте, батылдық дегенде жүйке жүйесіқызметінің ерекше күшейе түсуін,қажыр –қайрат пен рухани күштің қанаттануын ұғынамыз,мақсатқа жету үшін айталық жеке басты өлімге тігіп жету барлық уақытта,барлық жерде дұрыс емес. Мұндай қимылдар көбінесе шешімділік ұғымына саяды.Ақыл-ой, ерік-жігер,күш-қуат,өзін-өзі ұстай білушілік,шешімталдық бұл қасиеттердің жиынтығы “ерлік” деген ұғымды береді. Қорқақтық-ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы,соның салдарынан әскери парызды,жеке басының абыройы тәрк етеді.Өзін-өзі сақтау инстинктің жағымсыз жағының көрінісі. Шешімсіздік- асып сасуға.абыржу мен әрекетсіздік күйге дейін жеткізетін ерік күштің толқуы.Устав ешқандай әрекетсіз отырғаннан әйтеуір бір шешім қабылдауды міндеттейді. Кінә жауды жоюға ұмтылып,мақсатына жете алмаған адамға емес, жауапкершіліктен қорқып,тайсақтап, іс-әрекетсіз қарай отырып,қалған қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш-қуат пен қаруды қолдана алмаған жанға артылады. Мінез- жеке адамның өзіндік ұқсағандардан айырмашылығы,қабілеттілігі-оның қызметінің көрнісі. Мінессіздік - ойлаудың айқын еместігі.Оқушылар берілген тақырып материалымен танысып,ой елегінен өткізіп болғаннан кейін ортаға шығып,өз ой-пікірін білдіреді,өзіне ерекше әсер еткен анықтамаға тоқталады және жазушы, батыр,қолбасшы атасынан қандай тәлім-тәрбие алғанын айтады.
2.Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
3.Отан үшін отқа түс-күймейсің.
4.Опасызда Отан жоқ.
5.Елсіз ер болмайды,жұртсыз жігіт болмайды
6.Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық!
7.Ерлік-табиғат сыйы емес,саналы әскери тәрбиенің жемісі,
Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп,өзіңді саналы түрде қауіп- қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі