Мазм ұ н ы кіріспе



бет1/5
Дата19.12.2016
өлшемі0,89 Mb.
#4177
  1   2   3   4   5




М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе................................................................................................................3

Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.

  1. Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8

  2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17

Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.

  1. Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30

  2. Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37

  3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44

  4. Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54

Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.

  1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62

  2. Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70


Қортынды.............................................................................................................74

Сілтемелер............................................................................................................76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................78


Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.

Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық

қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.

Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.

Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы «Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі» деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады. Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заң тану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылғандығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазылған «Теоретические основы квалификации преступлений» атты еңбегін және аталған автордың «Общая теория квалификации преступлений» деп аталатын еңбектерін біз өз жұмысымызға пайдаландық. Академик В.Н. Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп қарастырылған. Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу жұмысы Б. А. Куриновтың «Научные основы квалификации преступлений» деп аталатын еңбегі.

Отандық ғалымдардан біз жұмысымызды орындау барысында В. Сергиевский мен С. Рахметовтың «Квалификация преступлений» атты еңбегін пайдаландық. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларында қылмыстық құқық бойынша А.Н. Ағыбаевтың; Н.И. Ветров пен Ю.И. Ляпуновтың; Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И. Ковалевтың оқулықтары пайдаланылды. «Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты: Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер қояды:


    1. Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау

    2. Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау жасау.

    3. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.

Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Қылмыстық Кодексі табылады.

Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған, зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар мен концепцияларды басшылыққа алдық.


Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы

1. Қылмысты саралаудың түсінігі
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық-құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.

Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады.

В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады./2/ Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет.

Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.

Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»./3/

Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту»./4/ Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады»./5/

«Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын білдіреді./6/ Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.

Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.

Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және Б.А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады.

Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.

Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.

Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады./7/

Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).

Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.

Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.

В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»./9/

Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс- әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М.С. Строгович./10/

Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.

Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»./11/

Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»./12/

«Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.

Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»./13/

Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.

Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.

Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.

Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250 бабының орнына 209 бабын қолдану.

Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.

Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.

Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда қолданылуы тиіс болатын.

Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77 бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.

Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта қарауда да жол беріледі. Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау оқиғаларының кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға болады.

Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі және орындалады.

Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет