1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сен білесің бе? Ізден, ойлан, тап!



Дата24.07.2017
өлшемі18,14 Kb.
#21977
  • Сайыс кезеңдері:
  • 1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
  • 2. Сен білесің бе?
  • 3. Ізден, ойлан, тап!
  • 4. . Тұлғаны таны
  • 5 Үздік үлескіде
  • І кезең: «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
  • 1 топ:
  • 1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
  • 2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
  • 3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – Эвкалипт.
  • 4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
  • 5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.
  • 2 топ:
  • 1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
  • 2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе сексеуілдің жапырақтары жетілмеген.
  • 3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жай жапырағы бар ағаштар кездеспейді.
  • 4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300-500 жыл жасайды.
  • 5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан.
  • ІІ кезең: «Сен білесің бе?»
  • 1 топ:
  • 1. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Ол тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да жеу пайдалы.
  • 2. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий, натрий, кальций), т.б. және коротин бар.
  • 3. 3 қасық ұсақтап туралған жас жеміске 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.
  • 2 топ:
  • 1. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Оның шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Оның шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол.
  • 2. Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем.
  • 3. Оның шырынының құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты оның шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс, әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда айрықша пайдалы.
  • ІІІ кезең: «Біле жүр!»
  • Кактустың «көңілін» аула.
  • Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «түу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.
  • Фикус  – «қызғаншақ» өсімдік.
  • Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
  • Өсімдіктер де «өш» алады.
  • Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз, өскен соң сіздің денсаулығыңызға, отбасыңызға оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз.
  • Ал мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні әйел өз болашағын білмекші болып көріпкелге барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің» дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте ауа райы күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып үлгереді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады. Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң қаларлығы – ағаштың әйелден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім біледі? Бірақ «ағаштың да жаны бар, олар да сезеді» дейді өсімдіктанушылар.
  • (логикалық тапсырма беріледі, оқушылар таңдауына сұрақтар қойылады, осы кезеңнен ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығарылады)
  • Ізден, ойлан, тап
  • 20
  • 20
  • 20
  • 30
  • 30
  • 30
  • 40
  • 40
  • 40
  • АСҚАЗАН
  • Құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан ас қорыту жолының кеңейген мүшесі, іші қуыс бұлшықетті мүше.
  • ХРОМОСОМА
  • Тұқым қуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында саны тұрақты.
  • СПИРОМЕТР
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал.
  • СПИРОМЕТР
  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал.
  • САЛАТАМЫР
  • Қолдың алақаны жарақаттанған. Қан ағып жатыр. Қандай тамыр жарақаттанған?
  • МИКСЕДЕМА
  • Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе қандай ауру дамиды?
  • АТАВИЗМ
  • Бір түрге жататын организмдердің кейбір дараларында арғы ата- тектерінде болған жеке мүшелердің оқта – текте пайда болуы.
  • АГРОЦЕНОЗ
  • РАФЛЕЗИЯ
  • Тамыры, жапырағы, сабағы болмайтын паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына жіңішке жіпшелер өсіп шығып, басқа ағаштың діңдері мен тамырларын орайды да, біртіндеп өсе бастайды. Ұзындығы – 90 см., ең үлкен гүл.
  • Тұлғаны таны
  • Луи Пастер
  • Мен француз микробиологімін.
  • Ашу және шіру
  • процестерін зерттедім.
  • Микроорганизмдердің өздігінен
  • пайда болмайтынын дәлелдедім.
  • Аристотель
  • Мен тірі организмдердің біртіндеп
  • даму теориясының
  • негізін салған философ әрі
  • жаратылыс зерттеуші ғалыммын.
  • Табиғаттың қарапайымнан
  • күрделіге өзгеретінін дәлелдедім.
  • Жан Батист Ламарк
  • Мен алғашқы эволюциялық теорияның
  • негізін қалаушы француз
  • жаратылыстанушысымын.
  • Организмдердің бейімделушілік
  • қасиетін сыртқы орта
  • жағдайымен байланыстыра
  • зерттедім. «Зоология философиясы»
  • деген еңбегім бар
  • Чарлз Дарвин
  • Органикалық дүние эволюциясының
  • негізін салған ағылшынның
  • ұлы жаратылыстанушы
  • ғалымымын. Органикалық
  • дүние эволюциясының себептері
  • мен заңдылықтары аштым.
  • ІV кезең: «Үздік үлеске»
  • Оқушыларға мектеп жанындағы үлескіге көктем-жаз айларында қандай жеміс-жидек, гүлдер егуді қалайтынын сызбанұсқада сызып, шағын жоба түрінде қорғайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0ebf
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ebf -> 1. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс түрін көрсетіңіз а қысаң ә еріндік б үнді в жуан г қатаң 2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет