«Бекітемін»
______________ Е.Толымбеков
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.Әскери атақ және айыру белгілері.
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді үйрету.
-
Уақыты: 40 минут.
-
Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі. 10 cынып
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК Ішкі қызмет жарғысы.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
MytestX бағдарламасында екі нұсқада жасалған тест арқылы үй тапсырмасын сұрау
№1 нұсқа
-
Әскери қызметшілердің , бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс - қимыл жасауы үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы орналасуы .............. деп аталады
Жауаптардың біреуі дұрыс
1) Маңдайшеп
2) Сап
3) Лек
4) Қатар
5) Машиналар желісі
-
Пәрмендер қандай болып бөлінеді?
Жауаптардың бірнешеуі дұрыс
1) Алдын ала берілетін
2) Орындалатын
3) Тек орындалатын
4) Тапсырма ретінде
5) Бұйрық
-
Адыммен қоғалыс минутына қанша адым жасау жылдамдығымен жүзеге асады ?
Санмен енгізіңіз
___________________________
-
Қозғалыста артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен жерге қай аяқты қоюмен бірге беріледі?
Жауабын сөзбен енгізіңіз
__________________________________________
-
Қозғалыста оңға бұрылу үшін орындалатын пәрмен жерге қай аяқты қоюмен бірге беріледі?
Жауабын сөзбен енгізіңіз
__________________________________________
-
Жүгірумен қозғалыс жасау кезіндегі адымның шамасы қанша см болу керек?
Жауаптардың біреуі дұрыс
1) 85-90
2) 65-70
3) 50-60
4) 70-80
5) 55-70
-
Әскери қызметшілердің бір - бірінің ту сыртында , ал бөлімшелер бір - бірінің артында жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сабы .............. деп аталады
Жауаптардың біреуі дұрыс
1) Қаптал
2) Лек
3) Арақашықтық
4) Сап ені
5) Аралық
-
Лекте соңғы жүріп келе жатқан әскери қызметші .............. деп аталады
Жауаптардың біреуі дұрыс
1) Соңғы сарбаз
2) Қаптал
3) Бағыттаушы
4) Бастаушы
5) Тұйықтаушы
-
Қаурды "белдікке" күйінен автоматты "араға" күйіне қанша тәсіл арқылы ауыстырады?
Жауаптардың біреуі дұрыс
1) Төрт
2) Бес
3) Үш
4) Екі
5) Бір
-
Адым қандай болып бөлінеді?
Жауаптардың бірнешеуі дұрыс
1) Бөлінбейді
2) Шерулік
3) Ұрыстық
4) Жорықтық
5) Саптық
Достарыңызбен бөлісу: |