Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар! Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:
Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.
Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын. Танымайтын адамдарға есік ашпасын.
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА Жаз-жаңа оқу жылына дайындалу уақыты. Балаңызды жаңа оқу жылына қажетті мектеп киімімен, оқу құралдарымен, оқулықтарымен алдын-ала қамтамасыз етіңіз.
Мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтарда № 26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
2. Орта білім беру ұйымдарындағыміндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі,түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
3.Орта білім беру ұйымдарындаміндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау
23. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
25. Басшы ағымдағы жылғы 31 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.
Құрметті ата-аналар, сіздерден өтініп сұрайынымыз сынып жетекшісіне жазғы каникул кезінде балаңыздың демалысы және болатын орны туралы ақпарат, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балаңыздың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігіңіз туралы қолхат қалдырып кетіңіз.
Сізге каникулдың басталуына дейін мектеп келесі ақпаратты беруі тиіс: - Сіздің балаңызға жаңа оқу жылында қажетті оқулықтардың тізімі, қажет болған жағдайда жетіспейтін оқулықтардың тізімі; - пәндер бойынша жазға берілген тапсырмалар; - Сіздің мектебіңіз үшін жаңа оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар. Жаз-баланы жан-жақты дамытуға қолайлы мүмкіндіктер уақыты, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау аса маңызды