сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды. 9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл-кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз. 10. Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, Бұл баланы жаралайды.... Қарттық шағыңзда осындай жағдайлардан ұялыңыз әбден мүмкін.
6 к е ң е с 1. Баланы елден ерекше әлпештемеңіз. Ол өзін үйде болсын, түзде болсын елден ереше екенмін деп түсінбеуі керек. Басқаларды да құрметтеу керек екендігін ұғынғаны жөн. Баланы орынсыз мақтай бермеңіз. 2. Баланың ырғына жүре бермеңіз. Бала не талап қойса, елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып бере беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселердің қайсысы қажет, қайсысын кейінге қалдыруға болатынын бірге талқылап, түсіндіру керек. Өйтпеген жағдайда, бала ысырапшылдық әдетке үйреніп, басқалардың еңбегін бағаламайды. Асыруады ғана біліп, тәрбиелеуді білмеу – ата-ананың кінәсі. 3. Балаға жалынып, жалпаймаңыз. Тамақтану, ұйықтау, киіу, т.б. өзі атқарға тиісті істерді жалынып істетпеңіз, өз еркімен атқарудың әдісін табыңыз. Баланың сыртта жасаған істеріне ара түспеңіз. Әбден саралап, анықтап, көз жеткізгеннен кейін дұрысын дұрыс, терісін теріс деген жөн. 4. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның барлық ісіне алаңдап, жөнсіз кірісе беру – бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын,жалтақ және өзіне сенбейтін болып өседі. 5. Бала айбар шеккенде, ығына жығылып, көне кетпеңіз. Бала орындауға болмайтын орыныз мақсатты талап етіп, қасарысса, жыласа, үзілді-кесілді шарт қойса, ебін тауып, назарын басқа жаққа аудару керек. 6. Баланы жақсы көру бәсекесіне түспеңіз. Өздерін жақсы көрсету үшін немесе басқа туған-туысқа қайрап салу үшін ақша, бағалы зат сыйлаудан, сатып алудан аулақ болыңыз. Бұл баланың өзімшіл, қызғаншақ, ішітар болып өсуіне әкеледі.
Ата-анларға кеңес ➢
Баланың берген сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. ➢
Балаңыздың жеке бөлмесі болуына жағдай жасаңыз. ➢
Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық әрекетпен айналысып жатса. ➢
Шешім қабылдауына өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету. ➢
Балаңыздың кемістіктеріне бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. ➢
Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. ➢
Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке бсының ой-пікірімен санасыңыз. ➢
Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. ➢
Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. ➢
Жас мөлшері әр түрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. ➢
Қиын мәселелерге тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз. ➢
Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз. ➢
Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз. ➢
Балаңыздың сүйікті ісіне керекті кітап, ойындар, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз. ➢
Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да сол істі өзі аяқтауына жағдай жасаңыз. ➢
Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. ➢
Жасаған жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіздер. ➢
Баланың қойған талабына ерекше көңіл бөліңіз. ➢
Балаңыздың өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.