Ата-аналармен балабақша бірлестігі


Отбасы және балабақша ынтымақтастығы



бет3/4
Дата05.06.2020
өлшемі23,88 Kb.
#72453
1   2   3   4
Байланысты:
ата аналар жиналысы

Отбасы және балабақша ынтымақтастығы.

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары созсіз. Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жқмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті мен ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін. Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Алдыма қойған міндеттерім:



  1. Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.

  2. Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру.

  3. Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.

  4. Үлгілі ата – аналарды насихаттау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан – жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін балабақша жоспарлы түде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып белгілі бір жетістіктерге жетеді. Олай болса бүгінде ата – анамен балабақша бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін отбасымен балабақша бірлесе отырып ат салысудамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет