Ата-аналармен жұмыс



бет4/16
Дата07.02.2022
өлшемі146 Kb.
#93881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5 ата-анамен жұмыс

Б 10 – кек сақтамауы


11 – еңбек сүйгiштiгi
12 – ұяңдылығы
II Балаңыздың қандай мiнезi ұнамайды ?/астын сызыңыз/
А 1 – оқуға солғырт қарауы
2 – сабақ кезде бiлiмге қызықпаушылығы
3 – есте сақтау қабiлетi төмен
Ә 4 - өз-өзiне сенбеушiлiк
5 – қияңқы, тiл алмайды
6 – көңiл-күйiнiң тез өзгеруi
7 – мұғалiмдермен, үлкендермен тiл табыса бiлмеуi
8 – құрбыларымен тiл табыса бiлмеуi
9 – кез келген ортада өзiн, мәдениеттi ұстай алмауы
Б 10 – ашуланшақ, кекшiл
11 – еңбектенгiсi келмейдi
12 – ұялшақ
Бiз қандай ата-анамыз?

  1. Балалар тәрбиесi туралы газет-журанал беттерiнде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелi оқып, тыңдап отырасыз ба? Осы тақырыптағы кiтаптарды оқисыз ба?

  2. Балаңыз бiр оғаш нәрсе iстеп қойды делiк. Сiз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңiздiң нәтижесi екендiгi жөнiнде ойланып көрдiңiз бе?

  3. Балалар тәбиесiнде қасыңыздағы қосағыңыздың пiкiрiмен үнемi ақылдасып отырасыз ба?

  4. Егер балаңыз сiзге жәрдем берсе, сол кезде оның өз жұмысы бұдан кедергiге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалса да қабылдар ма едiңiз?

  5. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сiз тек қажет кезiнде ғана қолданасыз ба?

  6. Жүйелiк, реттiлiк – педагогикалық маңызды принциптердiң бiрi деп санайсыз ба?

  7. Спорт пен денешынықтыру баланың жан-жақты, үйлесiмдi дамуына маңызы зор екенiн ескерiп отырасыз ба?

  8. Сiз баладан бiр нәсенi орындау жөнiнде талап тұрғысынан емес, өтiнiп сұрап көрдiңiз бе?

  9. “Менiң уақытым жоқ”, немесе “Тоқтай тұр, әуелi жұмысымды бiтiрiп алайын” – деген тәрiздi сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сiзге ыңғайсыздық туғызбай ма?

Жауабы:
Әрбiр мақұлдау жауаптарыңыз – 2 ұпай
Ал кейде орындалатын болса – 1 ұпай
Қарсы болсаңыз – 0 ұпай
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз, бала тәрбиесi туралы түсiнiгiңiз кемiскi екендiгiн дәлелдейдi. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сiз бұл мақалға көп иек етiп отыра бермей, жеткiншектер тәрбиесi төңiрегiнде өз бiлiмiңiздi жетiлдiре түсуге асыққаныңыз абзал.
7-14 ұпайға дейiн жинасаңыз, сiз бала тәрбиесiнде әрине үлкен қателiк жасап жүрген жоқсыз, әйтпесе де осы бағыттағы iс-әрекетiңiз жөнiнде тереңiрек ойланып көрiңiз. Ал тiптi былай iстеуге де болады, алдағы жексенбiнiң бiрiн балаңызбен көңiлдi демалуға арнаңыз. Бұл күн балаңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуда алғы қадамы болмақ және балаңыз бұған шексiз риза болатынына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз сiз өзiңiздiң ата-аналық
мiндетiңiздi орынды атқарып келесiз. Бала тәрбиелеуде сiз басқа да ата-аналармен, өз тәжiрибеңiзбен бөлiсiп ақыл-кеңес бере аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет