Отбасы типтері және тәрбие



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі4,13 Mb.
#193642
  1   2
Байланысты:
отбасы
Светлана, тәрбие түрлері,әдістері, құралдары, Психодрама

Отбасы типтері
Орындаған: Еңлік, Гозал
    • Ата-аналық ұстанымдар;
    • Аналар типтері;
    • Әкелер типтері;
    • Отбасы типтері;
    • Отбасындағы қарым-қатынас стильдері.

Жоспар:
Ата-аналық ұстанымдар
Ата-аналық ұстаным дегеніміз – ата-ана ретінде өзіне, баласына және жалпы ата-аналыққа деген қатынастың жүйесі; ата-аналар ұстанымы мен мотивтерінің жиынтығы, отбасы тәрбиесінің мақсаты мен құндылықтары.
Ата –аналардың ұстанымдары – саналы түсінілген, қалыптасқан ниет, көзқарастар; ата-аналар қағидасы – бір жақты болуымен ерекшеленеді.
Симбиоз – шамадан тыс эмоционалдық жақындық; авторитарлық; эмоционалдық итеру (А.Я.Варга, 1987).
Қолдау - бала қажеттіліктеріне ыңғайлану; бала қызығушылығына мән бермейтін формальды борыштылық сезімі, бірізділіктің жоқтығы (В.Н.Дружинин, 1996)
Ынтымақтастық; оқшаулану; бәсекелестік; жалған ынтымақтастық (О.Г.Прохорова, 2007).
Сыйластық, мейірімділік, махаббат беделі; Жаншу, педантизм, сатулы махаббат, салқындық, резонерство (А.С.Макаренко).
Мінез-құлықтың жағымды моделі – үйлесімді, орнықты, түрлі әдіс-тәсілдер автоматты түрде емес, ойланып, саналы таңдалып, соңында не болары есепке алынып пайдаланылатын (В.Сатир, 2000).
Ата-аналық ұстанымдар түрлері
Аналар типтері:
Салмақты орнықты ана - аналар үлгісі.
Қобалжулы ана – отбасы мүшелерінің берекесін алады, үнемі алаңдаулы, қобалжулы, бәле шақырғыш.
Абыржулы ана – үнемі ештеңеге көңілі толмайды, баланы тәрбиелеу жүк болып көрінеді, тек өзіне ғана көңілі бөлінетін, өз болашағы ғана алаңдататын, мұндай анасы бар баланың жолы болмады деуге негіз бар.
Сенімді, билікшіл ана – балаға қатысты ойларының бәрі тұрақты, жоспарланған, ойлағанын іске асыру жолында бәріне даяр. Өз идеалына баланы жеткіземін деп жүріп оның дербес ерекшеліктерін басып тастайды, құлшыныстарын тоқыратады.
А.И.Баракан типологиясы бойынша әкенің типтері:
  • Әке-ана – қамқоршыл, ана рөліне еніп алады. Шомылдырады, ойнатады және т.с.с. бірақ барлық кезде шыдамы жете бермейді, бәрі жақсы кезде ол мейірімді, қамқоршыл, ал бірдеме болмай қалғанда өзін өзі ұстай алмай қалатын кездері болады. Ашушаң, ұстамсыз, қатыгез болуы мүмкін, бұл балаға кері әсер етеді.
  • Ана-әке – баланың көңілінен шығуды ең басты нәрсе деп түсінеді. Көңіл күйіне қарамастан әрқашан мейірімді, қамқор, жұмсақ, балаға бәріне рұқсат етеді, бәрін кешіреді, бала мұндайда әкесінің мойынына мінеді.
  • «Айдаһар әке» - қорқытушы әке, қатыгез, ашушаң, тек қорқытумен басқарады, мұндайда отбасындағы қорқыныштан бала дүниесі тоқырауға соғады.
  • «Қаңбақ әке» - отбасында тұрғанымен өзін әке ретінде сезінбейтіндер, оның өмірінің ұстанымы - жақындары үшін жауапкершілік алмайтын еркін өмір. Отбасы ол үшін жүк, бала әйелдің ісі, не қажет етсең соған қол жеткіздің, енді айналыса бер өзің-ақ, деп келіп-кетуші рөліне еніп алған адам.
  • «Қатты жаңғақ әке» - әкенің мойымас түрі, компромисске бармайтын, өзінікі дұрыс емес кезде өзінің білместігін білдірмеу үшін ата-ананың билігін ерекше артық бағалаушы.
  • «Мейірімді әке» - әке бір қарағанда дос, аға секілді көрінеді. Онымен араласу қызық, жеңіл, елгезек кімге болса да қол ұшын бергіш, дегенмен оның өз отбасын ұмытып кететіндігі әйеліне ұнамайды, сондықтан бала қақтығыстар мен ұрыс керіс ортасында өмір сүреді. Әкесіне іштей көмектескісі келгенімен, қолынан келері аз болғандықтан, тек іштей аяйды.
  • «Ез әке» - бұл нағыз әке емес, отбасында өзінің дауысы жоқ, матриархат, әйелінің қаһарынан қорқып, қиын сәттерде баласының сөзін сөйлеуге де батылы бармайтын адам.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет