Ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама ғалым



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі92,2 Kb.
#124932
1   2   3
Байланысты:
№12 соөж (1)

Шығыс тарихшыларының 
дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолынан бір үзік сыр
 
Тарихшы, 
ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан 
өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 
жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.
«Тарих –
 
и Рашиди» –

Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты 
шығармасы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих–и Рашиди» («Рашидтің тарихы») атты еңбегі екі 
дəптерден тұрады.
Бірінші дəптерде (кітапта) Моғолстанды жəне Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарының 
əулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық —
Темір билік жүргізген кезден (1347–
1348) бастап хан тағына Əбу ар
-
Рашид (Əбдірашид хан) отырған кезеңге дейінгі тарихи 
мерзімді қамтыған.
Екінші дəптердің (кітаптың) көлемі, біріншісіне қарағанда, төрт еседей көп. Бұл дəптер 
көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дəптерді 
ғұмырнамалық шығарма деуге болады.


Автордың айтуынша, шығарманы «Тарих
-
и Рашиди» деп атауға үш себеп басшылыққа 
алынған:
«...Біріншісі,
Тоғлық–Темір хан ислам дінін маулана Аршададдиннің ықпалымен 
қабылдады...
Екінші
себебі, Тоғлық–Темірге дейін
-
ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек 
хан қабылдаған еді. Алайда осы хандар дəуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол 
таба
алмады. Ал құдіретті де мəртебелі Тоғлық–Темір хан мен бақытты моғол ұлысы 
исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды.
Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы 
Əбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның құрметіне құрастырылып 
отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих
-
и Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») деп 
аталынды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет