«Атадан мұра –амал мерекесі»
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт -дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Музыка өнерінің қасиетін ұғындырып, өнерге деген қызығушылықты ашу.
Жүргізуші: Бойымды қазақ қаны билеген,
Қос ішегі бір-біріне тимеген,
Қазағымның домбырасы күй тартса,
Тебіреніп, ерекше бір күйге енем.
«Тепең көк» және «Келіншек» күйімен мектебіміздің «Шабыт» домбырашылыр ансамблін ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Жырға толды алаңдар
Салт — дәтүріміз жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 14 Наурыз көрісу –Амал мерекесіне орай «Атадан мұра –амал мерекесі»атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: 14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі.Олай болса, бүгінгі мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Байназарова Жанар апайымызға беріледі.
Жүргізуші: Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші: Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі.
Көріседі көңілдер жібісін деп,
Көріседі тасысын ырысың деп,
Көріседі көк мұзда жібісін деп,
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Достарыңызбен бөлісу: |