2.2 Семинар сабақтарының мазмұны
2.2.1 Ғылым түсінігі, қоғамдағы ролі. Ғылым және мәдениет.
Ғылым түсінігі, философиялық ілімі. Ғылымды оқытудың ғылым логикасы, ғылым философиясы, ғылым тарихы, ғылым психологиясы т.б. негізгі бағыттарының өзара байланысы және ерекшелігі. Ғылым дамуы тарихы және статусы. Ғылым тарихының дамуын пән ретінде бағалау. Ғылым философиясы мен ғылым тарихының өзара байланысы ерекшеліктері. Ғылым философиясының негізгі мәселелері. Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның қоғамдағы орны мен ролі. Ғылым және философия.Жаратылыстану, техника және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялық мәселелері.
2.2.2 Қазіргі ғылым туралы мәселе батысевропалық өркениетті тудырушы ретінде. Пәндік ұйымдасқан ғылымның пайда болуы. Техникалық ғылымдардың қалыптасуы. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың қалыптасуы. Әлеуметтік және тарихи білім. Ғылыми іс-қызметтің ерекше мамандыққа (кәсіпке) айналуы. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері және ғылым дүниесінің өзгеруі. Ғылымның бірлігі және ойдың кейбір салаларының байланысы. Қазірігі ғылымның жалпы белгілері: мазмұнның ұлғаюы, нақты әдістер мен нақты теориялардың жаңа сатылары, адамдардың іс-әрекетінің басқа салаларына деген қатынастың жаңа белгілері, техникаға деген қатынастың өзгеруі, білімнің жаңа модельдері (үлгілері).
Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістер. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасқан технология мен өндірістің дамуы тұрғысынан жіктеу.
Ғылымның дамуының негізгі дәуірлері: классика, бейклассика (неклассика), необейклассика (неонеклассика).
Жаратылыстану, техникалық ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер: пәндік қалыптасу, салыстырмалы талдау (анализ).
2.2.3 Ғылымдар жүйесіндегі физиканың ролі. Жаратылыстану ғылымдары және мәдениет. Жаратылыстану ғылымы және техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымы және қоғамның әлеуметтік өмірі. Физика жаратылыстану ғылымының фундаменті ретінде. Физиканың онтологиялық, эпистемологиялық және методологиялық негізделуі. Физикалық таным әдістерінің ерекшелігі. Редукционизмді әртүрлі түсіндірудің анализі. Физиканың жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық ілімдерімен синтезі. Осы синтездегі синергетиканың ролі.
2.2.4 Физиканың онтологиялық мәселелері. Физика ғылымындағы болмыс мәселесі. Әлемнің физикалық көрінісінің онтологиялық статусы. Әлемнің физикалық көрінісі және өзгерісі онтологиясының эволюциясы. Әлемнің механикалық, электромагниттік және қазіргі кванттық-релятивистік картинасы физикалық танымның дамуының кезеңдері ретінде. Бөлшектер мен өрістер қазіргі физикалық көрініс және олардың онтологиялық негізгі абстракциялары ретінде. Фундаментальды (негізгі) бөлшектер классификациясы. Физика мен табиғат өзарабайланысы типтері. Фундаментальды бөлшектер және олардың өзараәрекетінің стандартты моделі: мұны теориялаудың қиындығы. Физикалық вакуум және жаңа онтология ізденісі.
Физика, математика және компьютерлік ғылымдар. Физиканың дамуындағы математиканың ролі. Математика физика тілі ретінде. Математикалық әдістер және ғылыми білімнің қалыптасуы. Білімді математизациялаудың үш кезеңі: феноменологиялық, модельдік, фундаментальді-теоретиялық. Р.Фейнман физиканы компьютерде моделбдеудің мүмкіндіктері туралы. Кванттық компьютер ұғымы. Черча- Тьюринг принциптері және есептеу машиналары.
2.2.5 Астрономия және космологияның ғылыми статусы; олардың мәдениеттегі орны. Астрономия ерекше ғылыми пән болып табыла ма, әлде ол физиканың «қосымша» бөлігі ме? Космология – астрономияның саласы не болмасажеке ғылым? «Бақыланатын Әлем», «Бүтін ретіндегі Әлем», «мини-Әлем», «Мета-Әлем» ұғымдары және арақатынасы. Астрофизика, космология және элементарлық бөлшектер физикасы.
Астрономия және космологияда ғылыми әдісті негіздеу. Әлемді эмпирикалық зерттеу әдістері мен құралдарындағы қазіргі революция. Астрономиялық ұлы ашылулардың жаңа кезеңі. Әлемді зерттеудің классикалық емес және постклассикалық емес негіздерінің қалыптасуы. Астрономия мен космологияда көріністі сипаттау мен түсіндіру, теорияны құру, білімді негіздеудің нормалары мен идеалдары. Әлемнің ғылыми көрінісінің эвристикалық ролі. Бақылау, квазиэкспериментті іс-әрекет және экстраполяция Әлемнің өткені, бүгінгісі және болашағын зерттеу әдістері ретінде. Космостық объектілердің құрылымы мен эволюциясын компьютерлік модельдеудің эпистемалогиялық аспектілері.
2.2.6 Химия ғылымындағы философиялық мәселелер. Химия философиясының ерекшелігі. Ғылымды тарихи зерттеу химияның философиялық сұрақтарының мәнді компоненті ретінде қарастыру. Химияның физика, биология, геология және экологиямен тығыз байланысы. Химияның технология және өндіріспен тікелей байланысы. Антикалық кезеңдегі ілімдердегі элементтер туралы ой-пікірлер. Элементтер туралы ілімдер заттардың айрықша белгілері мен қасиеттерін түсіндірудің теориялық негізі болып табылатын ілімдер жүйесінің алғашқы түрі ретінде.
2.2.7 Биология мен экологиядағы философиялық мәселелер. Биология философиясы пәні және оның эволюциясы. Биологиялық таным генезисі. Биологиялық таным табиғаты. Философия мен биологияның өзарабайланысының объективті негіздері. Биологияның философия-методологиялық мәселелерінің ерекшелігі және мәні. Ғылыми таным жүйесіндегі биологияның ролі мен орны туралы көзқарастардың дамуының негізгі кезеңдері. Биология ғылымы пәні түсінігіндегі эволюция. Биологиялық білімдердің көздері. Биологиядағы зерттеу іс-әрекеттеріндегі стратегияның өзгеруі. Өмір туралы ғылымның дамуындағы философиялық рефлексияның ролі. Биологиялық білім құрылымын зерттеудегі, табиғатты,тірі объектілер мен тірі жүйелерді ғылыми тану спецификасы мен ерекшеліктерін зерттеудегі биология философиясы.
ХХ ғасырдағы биология философия мен ғылым методологиясымен контексте. Биологиялық білімнің сипаттау және түсіндіру табиғаты мәселесі неоканттық ілімдерді (20-30 ж.ж.). Биология логикалық эмпиризм ғылыми философиясының редукциялық бағытында (40-е -70 ж.ж.). Антиредукциялық методологиялық бағдарламалары биология туралы (70-90 ж.ж.). Биологияның ғылым ретіндегі «автономдығы» мәселесі. Жаратылыстанудағы лидер мәселесі: «биология ғасыры». «Биологиялық шындық» мәселесі. Биологиялық шындықтың өмір сүруі аспектілері. Қазіргі ғылыми-биологиялық және философиялық әдебиеттердегі «биология бейнесінің» көптігі. Биологияның болашағы.
2.2.8 Мәдениеттің жаңа нормалары, бағыттары және қағидаларының қалыптасуына биологияның ықпалы. Мәдениеттің жаңа парадигматикасындағы өмір философиясы. Қазіргі биологиялық зерттеулердің жаңа онтологиялық түсіндірме кестелер, әдіснамалық-гносеологиялық қағидалар, құндылықтық бағыттар және іс-әрекеттік приоритеттердің мәдениет жүйесінде қалыптасуына ықпалы. Биоэтиканың қалыптасуының тарихи алғышарттары. Әралуан мәдени контекстердегі биоэтика.
Қазіргі биомедициналық этиканың негізгі принциптері мен қағидалары. Биологиялық қолданудағы әлеуметтік, этикалық-құқықтық және философиялық мәселелері. Қазіргі биосаяси ілімдердің этологиялық және әлеуметтік-биологиялық негіздері. Биолотехнологиялық, гендік және геронтологиялық, клеткалы инженерия, клондау мәселелеріне әлеуметтік-философиялық анализ.
Экофилософия пәні. Экофилософия тірі организмдер өзара әрекеті және олар мен тіршілік ететін ортасымен байланысы мәселелерін зерттейтін философиялық білім саласы ретінде. Экологияның интегралды ғылыми пән ретінде қалыптасуы: биологиялық экологияның адам экологиясына, әлеуметтік экология, глобальды экология. Экологиялық мәселенің қазіргі мәдениеттегі үстем дүниетанымдық қағидаға айналуы. Экофилософия адамның өмір сүру ортасы, адамның өз болмысына қатынасын өзгерту мәселелеріне рефлексия ретінде. Қазіргі экологиялық жағдайлардың футурологиялық аспектілері.
2.2.9 Медицинадағы философиялық мәселелер. Медицина философиясы және медицина ғылым ретінде. Философия медицинаның дүниетанымдық және жалпыметодологиялық негізі ретінде. Медицинаның онтологиялық, гносеологиялық және құндылықтық-нормативтік негіздері. Философиялық және медицинаның жалпығылыми ұғымдары мен категорияларының өзара байланысы.
Медицина философиясы, оның мақсаты, міндеттері және негізгі мәселесі. Медицина философиясы пәні және оның медицина мен денсаулық сақтаудағы орны. ХХ ғасырдағы медицина философиясы генезисі медико-биологиялық және медико-әлеуметтік мәселелерді түсінудің жаңа сатысына өту кезеңі ретінде. Медицина философиясын гносеологиялық және логикалық негіздеу, оның нормалары мен идеалдары. Медицина философиясындағы жүйелі білім құрылымы.
2.2.10 Жер туралы ғылымдағы философиялық мәселелер (география, геология). Ғылымдар классификациясындағы географияның орны және оның ішкі құрылымы. Географиялық шындық мәселесі. Ғылымдар классификасындағы географияның орны. Ғылымдардың қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарға қатаң бөлінуін сынау. География ғылымдары жүйесіндегі физикалық географияның ролі. Географияның физика-географиялық ядросы және оның пәндік саласы: биогеография және жер (топырақ) географиясы, ландшафтқа кіріспе және әлеуметтік-экономикалық географиясы пәндері.
2.2.11 Ғылымдардың генетикалық классификациясындағы геологияның орны. Геологиялық көрініс геологиялық шындықты бейнелеу ретінде. Геологиялық шындық көрінісінің тарихи қалыптасуының ерекшеліктері. Геология объектісінің жүйелі сипатының туралы көзқарастардың қалыптасуы. Геологияның басқа ғылымдармен арақатынасы: физика және химиямен, бір қырынан, және биология, география және әлеуметтік ғылымдармен байланысы. Геологиялық пәндер құрамындағы геофизика және геохимияның орны. Ғылым ретінде геологияның методологиялық негіздері – геология заңдары мен принциптерінің басқа ғылымдар заңдары мен әдістерімен қатынасы. Геологиядағы кеңістік пен уақыт мәселесі. Геологиялық кеңістік пен уақыттың мәні мен қасиеті.
2.2.12 Техниканың философиялық мәселелері. Техника философиясы және техникалық ғылымдар методологиясы. Техника және техникалық ғылымдарды философиялық пайымдаудың ерекшелігі. Техника философиясының пәні, негізгі мақсаты және негізгі салалары. Ғылым философиясы мен техника философиясының арақатынасы. Техника анықтамасы. Техника философиясы және тарихы: ұғымдардың шығу көздері мен эволюциясы, олардың қазіргі қағидалары. Техниканың инженерлі және гуманитарлы философиясы. Техникалық білім табиғаты. Техника және өнер. Техника мен технология әлеуметтік құбылыстар ретінде. Техникалық құралдардың дамуы. «Технократиялық концепция» ілімі туралы. М.Хайдеггер еңбектеріндегі техника бейнесі.
2.2.13 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы философиялық мәселелер.
Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Философия қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылыми білімдердің интегралды формасы ретінде (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т.б.). Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімнің ғылымға дейінгі, ғылыми емес, парағылыми, жалғанғылыми және антиғылыми формалары. Әлеуметтік-гуманитарлы циклдегі ғылыми пәндердің қалыптасуы: эмпирикалық мәліметтер мен тарихи-логикалық реконструкциялар.
Ғылыми білімнің пәндік құрылымын әлеуметтік-мәдени негіздеу: әлеуметтану, экономика, саясаттану, мәдениеттану танымда қоғамның салыстырмалы жеке саласы бейнесінде бейнелеу. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекске тәуелділігі: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес кезеңдер. ӘГҒ (әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар) жалпыадамзаттық маңызы бар Батыста қалыптасқан құбылыс ретінде. Қазақстандағы әлеуметтік білім мен әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасы.
2.2.14 Математика ғылымындағы философиялық мәселелер. Математиканың ғылым ретіндегі бейнесі: философиялық аспект. Математика методологиясы мен философияның мәселелері, пәні, әдісі және қызметі.
Математика және жаратылыстану. Математика ғылым тілі ретінде. Математика моделдер жүйесі ретінде. Математика және техника. Философтар мен ғалымдардың математикаға көзқарасындағы айырмашылықтар (И. Кант, О. Конт, А. Пуанкаре, А. Эйнштейн, Н.Н. Лузин).
Математика адамзаттық мәдениет көрінісі ретінде. Математика және философия. Математика және дін. Математика және өнер.
Математика пәніне көзқарастар. Математика пәнін талқылаудағы синтаксистік, семантикалық және прагматикалық аспектілер: ерекшеліктері. Математиканың шындыққа қатынасы. Математикадағы абстракциялар және идеальдық объектілер.
2.2.15 Ақпараттық философиялық мәселелер. Ақпараттың қалыптасуы тарихы ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы пәнаралық бағыттар ретінде. К.Шеннонның ақпараттық ілімі. Норберт Винер, Росс Эшбидің кибернетикасы. (Уорренг Мак-Каллока, Алана Тьюринга, Джулиана Бигелоу, Джона фон Нейман, Грегори Бэйтсон, Маргарет Мид, Артуро Розенблют, Уолтер Питтс, Стаффорда Бир ілімдерінен). Л. фон Берталанфи, А.Раппорттың жүйелерінің жалпы ілімі. Ваневар Буштың гипертекст ілімі. Хайнц фон Ферстер және Валентин Турчиннің конструктивті кибернетикалық эпистемалогия. Информатикадағы синергетикалық жол, әдіс. Герман Хакен и Дмитрий Сергеевич Чернавский концепциялары. Постклассикалық емес ғылымдар контексіндегі ақпарат (В.С. Степин).
Достарыңызбен бөлісу: |