Аталмыш курс ѓылымды арнайы талдау пєні ретінде ќарастырады



бет1/5
Дата05.11.2023
өлшемі199 Kb.
#189908
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылым философиясы мен тарихы Силлабус
200 ЖАҢА ЕСЕП, 2 Физика 10 класс Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері презентация

Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым Образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ВКГТУ им.Д.Серикбаева
ШҚМТУ
БЕКІТЕМІН


Машина жасау және көлік
факультетінің деканы


_______М.В.Дудкин
________________2014
Ғылым философиясы және тарихы
Силлабус


История и философия науки
Силлабус


6N0729 – «Құрылыс», 6N0420 - «Архитектура», 6N0732 – «Стандартизациялау» 6N0730 – «Құрылыс материалдарын жасау», 6N0709 – «Металлургия», 6N0905 – «Кадастр», 6N0711 – «Геодезия және картография», 6N0731 – «БЖД» 6N 0707 – «Тау-кен ісі», 6N0508 – «Есеп және аудит», 6N0712 – «Машина жасау», 6N0716 – «Электр энергиясы», 6N0704 – «Есептеуіш техника», 6N0703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарына арналған


Оқу формасы: күндізгі
Кредит саны- 2
Лекциялар - 15 сағат
Практикалық сабақтар - 15 сағат
СӨЖ – 60 сағат
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
Оқу бағдарламасы (Силлабус), лекция және практикалық, СОӨЖ-ы сабақтарының жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандартына сай философия және адамзаттық даму мәселелері кафедрасында күндізгі бөлімде оқитын барлық мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде оқитын 1 курс магистранттарына (1,5 және 2 жылдық) арналып жасалған.
Философия және адамды дамыту кафедрасының отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Н. Краснобаева
№ Хаттама
МТФ әдістемелік комиссиясымен бекітілді
Басшысы А.Вавилов
№ Хаттама
Жасаған М. Крыкпаев


Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Аталмыш курс ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, ғылымға философиялық және социологиялық талдау жасайды. Зерттеу объектісі – Ғылым әлеуметтік-мәдени көрініс ретінде.


Пәні – ғылымдарды (ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым тарихы, ғылым психологиясы т.б.) зерттеудің негізгі аспектілерінің өзара байланысы және ерекшеліктері. Ғылым тарихы мәселелері мен статусы. Ғылым тарихы мен ғылым философиясы байланысының ерекшеліктері.
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытады.
Курстың мақсаты: ғылымның тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлаудың стилін жасау.
Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін курстық міндеттері:
1. Курстық теориялық негіздеріне оқып-үйрену.
2. Ғылымның отандық, шетелдік методологтарының классикалық еңбектері мен әдебиеттерімен жұмыс істеуге үйрету.
3. Магистранттарды өз бетінше жұмыс істеуге, сыни баға бере білуге үйрету, өз ойын айқын да ашық айта білуге үйрету.
Курстық оқу барысында магистрант мына төмендегілерді білуге және істей білулері керек:
- негізгі эпистемологиялық модельдерді, рациональдық ұғымының сипатын;
- танымның ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс түрлері мен әдістерін; әлеуметтік-гуманитарлық білімнің қазіргі кезеңдегі ыңғайларын.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында пайда болатын және терең, кәсіби білімді қажет ететін мәселелерді шеше білулері керек.
Қажетті зерттеу әдістеріне таңдай білулері қажет.
Әлеуметтік-гуманитарлық және жантану білімдерінің методологиясының негізінде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың шындықтарын түсінік, талдай білулері керек.
Мынадай дағдыларды қалыптастырулары керек:
- өз бетінше ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарды жүргізе білулері;
- бұл бағытта өте терең білімдері болуы;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде, ғылыми мақалалар мен тезистер жазу барысында, конференцияларда, симпозиумдарда, дөңгелек столарда, пікір-таластарда, сұхбаттар жүргізуде методологиялық білімдерін қолдана білулері тиіс.
Алғы пәндер:
Философия
Мәдениеттану
Мамандану пәндері
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Ғылыми философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде қарастырылады. Ғылым философиясының ғылыммен және философиямен байланысы. Методологиялық концепциялардың және проблемалардың алуан түрлілігі. Ғылым философиясының негізгі тақырыптары. Ғылым философиясының нәтижелері мен проблемалары. Олардың ғылым мен философиядағы мәні. Ғылымды оқып-үйренудің негізгі аспектілерінің ерекшелігі мен өзара байланысы: ғылымның логикасы, ғылым философиясы, ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы және басқа бағыттар.


Ғылым тарихының өзіндік орны мен проблемалары. Ғылым тарихының дамуына баға беру пән ретінде. Ғылым философиясы мен ғылым тарихының өзара байланысының ерекшеліктері. Ғылым философиясының методологиялық негіздері.
Курс мақсаты: ғылым тарихын оқыту негізінде ғылыми ойлау қабілетін дамыту, әдісін қалыптастыру; ғылымның философиялық жетістіктерін және философиялық концепциялардың ғылымның дамуына ықпалын ұғыну.
Курс міндеттері:
- пәннің теориялық негізін меңгеру;
- түпнұсқалармен, шетел классикалық еңбектермен және отандық ғылыми методологиямен аналитикалық жұмыс;
- өзіндік және сынау негізінде ойлануға талпыну, әрекет жасау, ойлаудың кең ауқымдылық, иілгіштік және ашықтық жақтарын қалыптастыру.
Пререквизиттері: магистрант «философия» негіздерін терең біліп қана қоймай, оны талдап, жинақтап және қазіргі теориялық көзқарас тұрғысынан қарастыра білуі тиіс.
Постреквизиттері: аталмыш пәнді меңгеру барысында алынған іскерлік пен білімді магистранттарды даярлау бағытына сәйкес кез-келген пәндерді оқып-үйренуде пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет