Аталмыш курс ѓылымды арнайы талдау пєні ретінде ќарастырады


Лекция сабақтарының мазмұны



бет2/5
Дата05.11.2023
өлшемі199 Kb.
#189908
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылым философиясы мен тарихы Силлабус
200 ЖАҢА ЕСЕП, 2 Физика 10 класс Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері презентация
2.1 Лекция сабақтарының мазмұны

2.1.1 Өркениет пен мәдениеттегі ғылым


Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның қоғамдағы орны мен функциялары. Ғылым және философия. Философия мен ғылым тарихының өзара байланысы. Ғылымның жетістіктерін философиялық тұрғыдан түсіну: негізгі позициялар, ғылымның проблемаларын талқылау, ғылымдағы философияның функциялары (тарихи ракурс). Философиялық концепциялардың ғылымның дамуына әсері. Ғылым және өнер. Ғылым және дін. Ғылымның дүниені діни түсінікпен қабылдауына тигізетін әсері. Ғылым мен діннің сұхбаты. Ғылымның әлеуметтік орны мен дінге деген көзқарастың өзгеріске ұшырауы.
2.1.2 Ғылым және білім. Ғылымның дүниетанымдық аспектілері. Ғылым өндіргіш күш ретінде. Ғылымның гуманистік көкжиектері. Ғылым және парасаттылық. Ғылымның құндылық дәрежесі. Ғылымдағы тұлғалық. Ғылым тарихының әлеуметтік жақтары. Ғылымдағы әлеуметтіліктің табиғаты проблема ретінде. Ғылыми идеялар тарихындағы философия. Ғылымның шығармашылығындағы философияның рөлі. Ғылымның философиялық және методологиялық проблемалары зерттеудің өзіндік саласы ретінде (құбылыстың тарихы). ХХ ғ. ғылымның философиямен берік байланысы. (А. Энштейн, Н. Бор, М. Борн, В. Гейзенберг, В. И. Вернадский, Қ. И. Сәтпаев және т. б.). Ғылымның концепциялары: философия мен ғылым методологиясының негізгі ыңғайлары. Ғылымның қазіргі концепцияның жіктелуі: неопозитивизм, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылым онтологиясы, ғылымның постпозитивтік образы (бейнесі).
2.1.3 Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі этаптары (кезеңдері)
Ғылымның пайда болуы проблемасы. Ғылымның тууы практикалық және танымдық іс-қызметтің тәжірибесінің жиынтығы мен білімнің ерекше түрінің қалыптасуы ретінде. Ғылым мен ғылым тарихының теориялық модельдерінің өзара қатынастары. Ғылым және миф. Ғылым және технология. Ежелгі мәдениет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері және алғығалым. Месопотологияның, Египеттің, Қытайдың және Үндінің мәдениеттері: өркениет бағдарлары, дамудың технологиялық жоспары, медициналық, астрономиялық, математикалық білімдердің практикалық мақсаттары мен қолданбалы сипаты.
2.1.4 Ежелгі Греция ғылымының отаны. Шығыс мифтері мен білімдерінің, ежелгі шығыс өркениетінің грек мәдениетіне, философиясын және жаңа пайда болған ғылымына әсері. Антикалық логика және антикалық математика: тарихи, мәдени және ғылыми маңызы. Ортағасырдағы Европадағы ғылыми таным. Логиканың, ойлаудың логикалық нормаларының дамуы және орта ғасырдағы ғылымды ұйымдастыру. Теология және ғалымның позициясының өзгеруі. Алхимия, астрология, магия: табиғат объектілерін қабылдаудың ерекшеліктері.
2.1.5 Шығыс ортағасыр ғалымы. Ортағасыр дәуіріндегі Орталық азия, таяу және Орталық Шығыс мәдениеттеріндегі ғылыми танымның дамуының себептері мен шарттары. Математикалық білімнің, алгебраның, медицинаның, логиканың және басқа ғылымдардың дамуы (әл-Хорезми, әл-Фараби, Ибн-Сина, әл-Кинди т. б.).
2.1.6 Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғытарихы. Экспериментальдық (тәжірибелік) әдіс пен табиғатты математикалық бейнелеудің пайда болуының алғышарттары. (Г. Галилей, Ф. Бэкон, Р. Декарт). Экспериментальдың ғылымның пайда болуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары: ғылымның әлеуметтілігі, ғылымның институциялизациялануы. Жаратылыстанудың қалыптасуының ерекшеліктері. Жаңа Замандағы жаратылыстанушылардың ролі. Ғылыми ойдың философияға әсері (Декарт, Лейбниц, Кант).
2.1.7 Ғылыми білімнің құрылымы
Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде. Ғылыми білімнің алуан түрлі этаптары. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық, түбегейлілік және қолданбалылық. Ғылымның интеграциясы мен дифференциациясының негізгі тенденциялары. Зерттеудің пәнаралық бағдарламалары. Ғылым негізінің проблемасы. Ғылым негізінің типологиясы. Ғылым теориясы ғылым компоненті ретінде. Ғылымның философиялық негізі. Ғылыми пәннің құрылымы. Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісі. Дүниенің ғылыми көрінісінің тарихи формалары. Ғылымдарды жіктеу проблемасы.
2.1.8 Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық
Ғылым динамикасы. Ғылым тарихының модельдері. Ғылым мен ғылыми білімінің дамуының концепциялары. Ғылыми төңкерістердің мәні. Ғылыми төңкерістердің құрылымы. Ғылыми төңкерістер ғылымның негізін қайта құру ретінде. Ғылыми төңкерістің концепциялары. Ғылымдағы төңкерістік қайта құрулардың факторлары. Ғылыми төңкерістердің әлеуметтік-мәдени алғышарттары. Ғылыми төңкерістер және парадигмалар. Парадигма және ғылыми қауымдастықтың құрылымы. Ғылымның дамуындағы дәстүрлер мен төңкерістер. Ғылыми рациональдық ұғымы, ерекшелігі және концепциясы.
2.1.9 Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру. Пәнаралылық және синергетика принциптері. Зерттеу іс-қызметіндегі құндылықтар. Ғылымның этосы. ХХ ғ. соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және ғылымдағы гуманитарлық бақылау. Ғылыми-техникалық жобаларды экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық экспертиза жасау. Сцентизм және антисцентизм. Ғылым және паранаука жасалған ғылым.
Ғылымның мәдениеттегі жаңа функциялары. Ғылымның жаһандық контексті. Ғылыми ақпараттың өсуі және ғылым әлемінің өзгеруі.
2.1.10 Ғылым әлемдік институт ретінде
Ғылыми іс-қызметтің ұйымдасуы: құрылым, белгілер, критерийлер (өлшемдер). Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы). Ғылыми іс-қызметтің институциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар. Ғылыми қауымдастықтың тарихи типтері. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктер. Ғылыми білімді жариялаудың формалары мен тәсілдері: тарихи динамика. Ғылыми іс-қызметке қойылатын кәсіптік талаптар. Ғылыми қауымдастықтың нормалары мен құндылықтары. Ғылымды компьютерлендірудің әлеуметтік салдарлары мен маңызы. Ғылым және өкімет. Ғылым және экономика. Ғылым және нарықтық қатынастар. Ғылым және әлеуметтік жауапкершілік. Ғылым қазіргі қоғамдағы мемлекеттің қызметіндегі белді бағыт ретінде.
2.1.11 Қазіргі ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары
Жаратылыстану ғылымы және мәдениет. Жаратылыстану білімі және техниканың дамуы. Жаратылыстану білімі және қоғамның әлеуметтік өмірі. Жаратылыстану және дүниенің ғылыми бейнесі (картинасы).
Жаратылыстану ғылыми білімінің баяндаулық және түсіндірмелік табиғаты проблемасы.
Жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі. Физика жаратылыстану білімінің іргетасы ретінде. Физика және жаратылыстану – ғылыми және гуманитарлық білімдерінің синтезі. Осы синтездегі синергетикалық ролі. Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы. Биологиялық эволюциялық теориядан жаһандық эволюционизмге көшу. Математика және жаратылыстану. Математика ғылымның тілі ретінде. Ғылыми білімнің қалыптасуы және математикалық әдістер. Космос және техногендік өркениеттің жаһандық проблемалары. Астрономия және ғарыштың болашақ адамзаттың перспективалары. Космизм және антикосмизм: қазіргі кездегі пікір-таластар.
Техника ғылымдарының өзіне тән ерекшелігі және оның жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар мен математикамен арақатынасы. Алғашқы техникалық ғылымдар қолданбалы жаратылыстану білімі ретінде.
2.1.12 Информатика пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны
Ақпарттық қоғам концепциясы: Питризм Сорокиннен Эммануэл Кастельске дейін. Ақпарттық қоғамның пайда болуы. Әлеуметтік информатика проблемаларына деген синергетикалық ыңғай. Желілік қоғам және әлеуметтік информатиканың міндеттері. Ақпарттың қоғамдағы тұлға проблемасы.
Интернеттегі киберкеңістік ұғымы және оның философиялық мәні. Интернет жаңа әлеуметтік технологиялық құралы ретінде. Интернет ХХІ ғасырдың ақпарттық-коммуникативтік ортасы және үздіксіз білімнің жаһандық ортасы ретінде. Ақпараттың қауіпсіздік концепциясы: гуманитарлық құрылым. Информатикадағы шындық проблемасы.
2.1.13 Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымның қалыптасу тарихы
Философия ғылыми білімнің оның ішінде қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімдердің (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т. б.) интегралдық формасы түрінде. Қоғам, мәдениет және адам туралы ғылыми емес және ғылымнан тыс білімдердің ғылымға дейінгі, ғылыми емес, парағылыми, жалған ғылымдар және антиғылыми түрлері.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми пәндер циклының қалыптасуы: эмпирикалық мәліметтер және тарихи-логикалық қайта құрулар. Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени жағдайы: социология, экономика, политология және мәдениет туралы ғылым.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекстіне тәуелділігі: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өркениеттік маңызы. Ресейдегі және басқа батыстық емес елдердің әлеуметтік ғылымдары. Әлеуметтік білімді қолданудың Ресейлік контекстісі және оның парадигмалардың орын алмасуы. Посткеңестік, европалық және әлемдік ғылыми қауымдастықтардағы әлеуметтік ғылымдар. Қазақстандағы әлеуметтік методология мен әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасы.
2.1.14 Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемалары. Білім философиясының ұғымы мен орны. Білім онтологиясы. Білімнің негізігі идеялары. Білім сксиологиясы. Білім логикасы. Білім методологиясы. Білім этикасы. Білім жүйе, процесс, нәтиже, құндылық ретінде. Ұлттық білім және мәдениет. Білімнің дәстүрлі және баламалық жүйелері. Білімдік саясат және білімнің жетістіктері. Дәстүрлі білімнің дағдарысы.
Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің трансформациясы. Ұлттық білім: ұғымы және проблемалары.
Қазақстандағы білімнің ұлттық моделінің қалыптасуы. 1997 жылғы Лиссабон конвенциясы.
Жаһандану мен интернационализациялау жағдайындағы ұлттық білім. Әлем мәдениетінің қалыптасуындағы білімнің ролі.
2.1.15 Нақты ғылымдардың философиялық проблемалары.
Ғылымның пәндік моделі. Ғылыми білімнің негізгі құрылымдық бірліктері. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Ғылыми теориялардың түрлері: баяндау және түсіндіру теориялары. Ұғымдарды эмпирикалық түсіндіру теориялары. Ұғымдарды эмпирикалық түсіндіру және теорияларды бекіту проблемасы. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: баяндау, түсіндіру, алдын-ала айту. Ғылыми әдістердің алуан түрлілігі және олардың классификациясы (жіктелуі). Нақты ғылымдардың әдістері. Ғылыми теорияны тексерудің логикалық схемасы.
Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, биологияның, экологияның, медицинаның, Жер туралы ғылымның (география, геология), техниканың философиялық проблемалары.
Саяси және экономикалық ғылымдардың, психологияның, филологияның, әдебиеттанудың және лингвистиканың, тарихтың, педагогикалық ғылымдардың, мәдениеттанудың және өнертанудың, социологияның философиялық проблемалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет